Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

ҚР ҰҚК мұражайының құрылу тарихы

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мұражайы ҰҚК-нің Сығанақ, 20 көшесіндегі әкімшілік ғимаратында орналасқан.

 

 

 

Мұражай алаңы 2 экспозициялық залға бөлінген: «Қазақстандағы БТК-МҚК органдарының тарихы», «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жаңа тарихы». Мұрағаттық қор қоймасы бар.

 

 

 

Мұражайда барлығы: негізгі қорды сақтау бірлігі – 361, оның экспозицияларға қойылғаны – 155, соның ішінде суық және оқ атар қару бірлігі – 39.

 

 

 

Ең құнды коллекциялар: біздің эрамызға дейінгі 4 ғасырдағы Рим және Византия монеталарының колелкциясы (ҰҚК қызметкерлері кеденде контрабандалық жолмен шығарылмақ болған кезде тәркілеген, 2010 жылы Астана қ. Президент мәдени орталығына тапсырылған).

 

 

Мұражайдың тематикалық залдары

 «Қазақстандағы БТК-МҚК органдарының тарихы» залы

«Қазақстандағы БТК-МҚК органдарының тарихы» экспозициялық залы БТК құрылуынан бастап, КСРО МҚК болып қайта ұйымдастырылу кезеңіне дейінгі мұрағаттық құжаттар және артефакттар ілінген стендтермен ресімделген. 

 

 

 

Стендттерде мемлекеттік қауіпсіздік органдарының қайнар көзінде тұрған қазақстандық чекистердің, – 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысына қатысқан барлаушы және қарсы барлаушылар, жергілікті соғысқа қатысушы жауынгер-интернационалистердің тарихи фото суреттерінің қатары тізілген.

 

 

 

Артефакттар ішінде командирлер және қарсы барлау бөлімшелері, арнайы байланыс техникасы және диверсанттардан тәркіленген қару-жарақтар сақталған. Мұражайдың мақтанышы: раритет экспонат – «Максим» жүйесінің пулеметі.

 

ҚР ҰҚК мұрағаты қызметі туралы экспозиция бар.

 

 

 

Жаппай саяси қуғын-сүргін жылдары Қазақстанда сот және сот емес органдар шамамен 118000 адам сотталған. 1989 жылдан бастап заңнамалық актілерге сәйкес мемлекеттік қауіпсіздік органдары прокуратура және сот органдарымен бірлесіп тоталитаризмнің кінәсыз құрбандарының қылмыстық істерін қайта қарау бойынша жұмысты жеделдетті.  2000 жылға қарай сот органдары 102000 астам адамды ақтады.

 

 

 

2000 жылдың қыркүйегінен бастап ҚР ҰҚК Орталық жедел мұрағаты жеке Басқарма ретінде жұмыс істеп, ҚР ҰҚК Арнайы мемлекеттік мұрағаты болып аталады.  

 

«Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жаңа тарихы» залы

«Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жаңа тарихы» экспозициясының концептуалды тақырыптық бағытына сәйкес стендтерде «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (1995 жылғы 21 желтоқсан № 2710) 2-бабына сәйкес Комитет бөлімшелері мен органдары қызметінің бағыттары мен салалары жарияланған.


Артқа