Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Қазақстан Республикасы ҰҚК арнайы мемлекеттік мұрағатының құрылу тарихы

«Ұлттық мұрағаттық қор және мұрағаттар туралы» 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 22-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінде ҰҚК арнайы мемлекеттік мұрағаты құрылды (бұдан әрі – ҰҚК АММ).

 

ҰҚК АММ Қазақстан Республикасы ұлттық мұрағаттық қорының құрамдас бөлігі болып табылады және Қазақстан Республикасының ұлттық игілігі ретінде мемлекет қорғауында.

 

АММ және бүтіндей  Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметінің маңызды бағыты 1920-1950 жылдары жаппай саяси қуғын-сүргінде кінәсыз жапа шеккен тұлғаларды ақтау бойынша жұмыс болып табылады.


«Жаппай саяси қуғын-сүргін құбандарын ақтау туралы» 1993 жылғы 14 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес 99656 адам ақталды және жалпы қылмыстық баптар бойынша жауапкершілікке тартылған 1877-сін ақтаудан бас тартылды. 

ҚР ҰҚК саяси қуғын-сүргін құбандарын ақтау бойынша көп жылғы жұмысының нәтижесі мынадай және басқа да көптеген жарияланған басылымдарда көрініс тапты:  «Книга скорби»; «АЗА»; «Боздақтар»; «Жертвы репрессии»; «Забвению не подлежит» кітаптар мен баслымдарда.


ҰҚК АММ  ынтымақтастық туралы ТМД елдері арнаулы қызметтерімен жасалған келісімдер аясында әлеуметтік-құқықтық сипаттағы мәселелер бойынша өтініштерді қанағаттандыруға қажетті мұрағаттарда сақтаулы ақпараттармен ұдайы алмасу жүзеге асырылады. 

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бастамасымен АММ қызметкерлері жаппай саяси қуғын-сүргін жылдары сотталған, жазасын өтеген немесе жоғалып кеткен және кейін Қазақстанның сот органдары ақтаған әлемнің он тоғыз мемлекетінің азаматтарына құжат жинау бойынша ауқымды іздеу жұмысын жүзеге асырды. Бұл адамдар туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы СІМ арналары бойынша Елшіліктерге және Қазақстанда болатын шетелдік ресми делегациялар мүшелеріне берілді.   

ҰҚК АММ қызметтерінің бірі жеке және заңды тұлғалардың әлеуметтік-құқықтық сипаттағы мәселелер бойынша, соның ішінде негізсіз қуғын-сүргін, азаматтарды депортациялау, олардың мүлкін тәркілеу, әскери тұтқындардың концентрациялық лагерлерде болуы және басқа да мәселер бойынша өтініштерін қарастыру болып табылады.   

Өтініш берушілердің сұраулары бойынша ақталғандардың қылмыстық істері бойынша, еңбек өтілі, олардың  қамауға дейін жұмыс істеген және тұрған орындары, отбасы құрамы туралы анықтамалар беріліп, сақталып қалған жеке құжаттары, хаттары, қолжазбалары, фото суреттері және сол сияқтылар қайтарылып берілді.   

Артқа