Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары тарихы туралы кітаптар жиынтығы

Ардагерлер
«ҚАЗАҚСТАН – 2050»
жолымен  
Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпіздік комитетінің Ардагерлер кеңесінің жанынан құрылған үгіт-насихат тобы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа сая­си бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы тақырыбында Жамбыл, Қарағанды, Қостанай облыстарында 2013 жылдың сәуір айы мен 2014 жылдың шілде айында семинарлық сапарлар өткізген болатын.
Сол семинарлардың материалдары бойынша «Ардагерлер «Қазақстан – 2050» жолымен» атты екі кітап болып шықты. Бұл кітаптар оқырман қауым арасында жоғары баға алып, тез тарап кетті.
Енді осы бастаманы әрі қарай жалғастыра беру керек деген талап қойылған болатын. Соны іске асыру үшін үгіт-насихат тобының алдына Ақтөбе, Батыс-Қазақстан облыстарына бару керек деген тапсырма берілді. Ол тапсырманы топтың мүшелері: генерал-майор Сапар Абдрахманов, пол­ковник Ғазиз Бекмұхамедов, подполковник Борис Халтуриндер орындаула­ры жоспарланды. Осы кітап сол кісілердің Ақтөбе мен Батыс Қазақстан об­лыстарында халық арасыда өткізген кездесулерінің қорытындысы.

Авторы:Сапар Абдрахманов,Газиз Бекмухамедов.

Под общей редакцией Кенжебулата Бекназарова.

Ұлағатты ғұмыр
 
Полковник Қылышбек Шадықұлұлын еске алуға арналған кітап оның ұлттық қауіпсіздік органдарындағы жұмысы туралы әріптестері, жақындары мен туыстарының естеліктері негізінде жазылған.
Полковник Қылышбек Шадықұлұлы қызметін МҚК-ҰҚК-ның түрлі жедел және басшы лауазымдарында өткерген. Соңғы жылдары ҚР ҰҚК Академиясының доценті қызметінде болды, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелері бойынша 20-дан аса ғылыми еңбек дайындаған.  
Кітап ұлттық қауіпсіздік органдарының ардагерлері мен қызметкерлеріне, сондай-ақ қалың оқырманға арналады.
 
Атырау: «Ақ Жайық», 2016. – 306+68 с., ISBN 978-601-7876-00-5
Авторы: Аманғали Әміржанов
 


Аманатқа адалдық

Тұманбайұлы Кенжебек

Ұзақ жылдар бойы қауіпсіздік саласына еңбек еткен отставкадағы генерал-лейтенант Болат Баекенов туралы бұл кітап азаматтық, адамгершілік, патриоттық рухқа толы. Кітап тек бір адамның жеке басы туралы ғана емес. Қазақстанның тәуелсіздік алған жалдарындағы тарихи оқиғалар, қиын-қыстау кезең турасында деректер көптеп кездеседі.

Кітаптың елін-жерін сүйетін жас ұрпаққа берер тағылым-тәрбиесі мол, жалпы оқырманға арналған.

ИНФОРМ-А, Алматы,2006. ISBN 9965-569-40-1   



Генерал Жұманбеков

Ахмет Мырзахан

Белгілі публицист-жазушы Мырзахан Ахметтің бұл кітабында 34 жылдан бері Ұлттық қауіпсіздік органдарында үзбей қызмет істеп, республикалық комитетті басқарған генерал-лейтенант Жеңісбек Жұманбековтің кәсіби маман, парасатты басшы, зор адамгершілік иесі ретіндегі ізі қасиеттері, өнегелі өмір жолы суреттеледі. Генерал Ж.М. Жұманбеков – тәуелсіз Қазақстанның дербес Ұлттық қауіпсіздік органдарын реформалауға, оны жаңа сипаттағы арнаулы қызмет дәрежесіне көтеруге өлшеусіз үлес қосқан көрнекті мемлекет қайраткері. Автор кейіпкерінің осы қырларын ашуда ҰҚК саласындағы белгілі тұлғалардың ой-пікірлеріне көбірек жүгінеді.

Кітап көпшілік оқырманға арналған.

Алматы: «Тоғанай Т», 2005. – 288+32 бет жапсырма. ISBN 9965-432-87-2   


Абдолла Диқанбаев – қазақтан шыққан кәсіби барлаушы

Қасым Азамат

Бұл кітап Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақтан шыққан алғашқы кәсіби барлаушылардың бірі Абдолла Диқанбаевтың және оның батыр бауырларының қызметі мен өмір жолына арналады. Кітап екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде батыр туралы баспасөз беттерінде жарық көрген мақалалар топтастырылған. Екінші бөлімде «Батыр туған Абдолла» деген атпен поэма берілген. Поэма Абдолла Диқанбаев пен оның бірге туған аға-інілерінің ерлігі мен өрлігін жырлайды.

Өскемен, 2010. – 112 бет. ISBN 978-601-7221-2   



Шырғалаң немесе тағы да неміс автономиясы туралы: деректі толғам

Кәкен Амантай

1979 жылдың маусым айында сол кезде Целиноград деп аталатын қазіргі Астана қаласында қазақ жерінде неміс автономиясын құру жөніндегі Кремль шешіміне қарсы бірнеше күнге созылған демонстрация болып өтті. Қылышынан қан тамған коммунистік жүйе басқарған сол заманда аяқ астынан мұндай бүліктің шығуы республика халқын дүр сілкіндірген саяси-әлеуметтік төтенше оқиға еді.

Автор мұндай текетірестің біртіндеп қалай дамығанына, оның себеп-салдарына үңіледі. Билік тұтқасындағы ресми органдардың оқиғаны қалай қабылдап, қандай шешім қабылдағанын сараптайды, кеңінен баяндайды. Тарих шындығын суреттеген бұл еңбектің оқырмандарына берері мол.

Астана: Фолиант, 2011. – 344 бет. ISBN 978-601-271-134-9   


Абыз

Батталғазиева Шара

Кітапқа Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ардагері Қайрат Темірбековтің бүгінгі ұрпаққа үлгі боларлық игі істері арқау болған.

Ол қауіпсіздік саласына кадр таңдау және оларды тәрбиелеу жұмысында өзіне тән адами қасиеттерді, білімі мен тәжірибесін жас мамандардың бойына сңіруге тырысты. Отставкадағы полковник Қайрат Темірбекұлы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін» медальдарымен және «ҚР ҰҚК – құрметті ардагері» атағының иегері.

Астана, 2010 жыл.

Отан күзетінде. ҚР ҰҚК Ақтөбе облысы бойынша департаменті: кеше және бүгін

Редакция алқасы: Б. Шайманов (төраға), Ә.Тасыбаев (төрағаның орынбасары), мүшелері: Ю. Брязгалов, Ж.Асанов, Л.Ким.

Бұл кітапта Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақтөбе облысы бойынша департаментінің 80 жылдан астам тарихы мен отанымыздың қауіпсіздгін сақтау жолында бастан кешкен қилы кезеңдері, алға белгіленген маңызды бағыттары туралы әңгіме қозғалады. Сондай-ақ жинақ Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылуына 10 жыл толуына арналып шығарылып отыр.

Ақтөбе – 2002 ж. ISBN 9965-650-005   

Атыраудың айбыны

Бұл кітап Ұлы отан соғысының ардагері, «Ұлттық қауіпсіздік органдарының құрметті қызметкері», «Атырау қаласының құрметті азаматы», «Атырау облысының құрметті азаматы», Атырау өңірінен шыққан тұңғыш генерал-майор Саппаев Бисен Саппайұлының 80 жасқа толған мерейтойына орай шығарылып отыр. Жинаққа Бисен Саппайұлымен бірге осы салада қызмет еткен қарулас жолдастарының, өмірдің қызығы мен қиындығын бірге көрген дос-жарандарының, сонымен бірге оның қарауында істеп, тәрбиесін алған кейінгі буындағы шәкірттерінің ағамыздың өнегелі істері жөніндегі естеліктері мен мерейтойға байлнасты құттықтау тілектері енгізілген.

Атырау, «Атырау-Ақпарат», 2003. – 118 бет.

Өлкеміздің қауіпсіздік күзетінде

Жинақ Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60 жылдығы мен Атырау облысы ТК-IIX-МҚК-ҰҚК органдарының 85 жылдығына орай шығарылған. Осы бір қиын да құрметті мамандық иелерінің әрқайсысы өздері өмір сүрген дәуірлерде революция мен азамат соғысының аласапыран кезеңінде болсын, олардан кейінгі күрделі де қайшылықты заман мен қоғамның алмағайып тұстарында болсын – әр кезде де өздерінің елжандылық және қызметтік борыштарын адал атқарып келеді.

Авторлар осы қамтылып отырған 85 жылдық кезең ішіндегі болған нақты тарихи оқиғаларға тоқталып, Атырау өңірінің барлау және қарсы барлау қызметінің жүріп өткен күрделі жолының белгілі бір дәуірлердегі негізгі бағыттарын көрсетеді.  Кітапта негізінен облыстағы түрлі мұрағаттардан іріктеліп алынған көптеген деректі материалдар мен құжаттар пайдаланылған.  

«Атырау-Ақпарат» КМК баспаханасында басылды

Арлы да абыройлы дос

Тәйтенов Мүталиқ

Оқырман Кеңес дәуірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қарапайым уәкіл қызметкердің басынан кешірген бір кезеңнің жай-жапсары мен қыр-сырын көре алады. Сол кездегі сан-салалы өмірдің күнгейі мен көлеңке жақтары да ашық айтылып, көкейкесті мәселелерді шешудегі кейіпкердің өнелегі істері жөніндегі естеліктері Егмен еліміздің қауіпсіздік органдарының қаатрында жүрген жас,орта буын әріптестерінің өсіп-өркендеулері мен қалыптасуларына әсер ететін қызықты хикаяттар бар.

Алматы: «Арыс» баспасы, 2004. – 40 бет+ 16 бет сурет. ISBN 9965-17-168-8   

Артқа