Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы

Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов
 
1965 жылғы 15 маусымда Целиноградта туған.
Патрис Лумумба атындағы Халықтар достығы университеті (1985-1988), Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Қазақ мемлекеттік басқару академиясын (ҚазМБА) бітірген. 
1988-1989 Пекин тілдер институтында қытай тілін үйренген, Ухань заң университетінде (1989-1991) және Колумбия университетінде (АҚШ) тағылымдамадан өткен.   1998 жылы ҚазМБА аспирантурасын, 1999 жылы Москва мемлекеттік технология академиясын  бітіріп, сол жылы «Қазақстан Республикасы өнеркәсібін құру және оны шешу жолдары мәселелері (теория және тәжірибесі)» атты докторлық диссертация қорғады.
1991 жылы - Қазақстан Еңбек министрлігінде бөлім бастығы.
1992-1995 жылдары - қазақстандық коммерциялық құрылымдарда Қытай және Гонконгте жұмыс істеген.
1995-1996 жылдары - «Алматы сауда-финанс банкі» басқармасының төрағасы.
1996-1997 жылдары - «Тұранбанк» басқармасы төрағасының міндетін орындаушы.
1997-2000 жылдары - «Қазақстан Халық жинақ банкі» басқармасының төрағасы.
2000-2001 жылдары - Қазақстанның Транспорт және коммуникация министрі.
2001-2003 жылдары - Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары.
2003-2006 жылдары Қазақстан Президентінің көмекшісі.
2006-2007 жылдары - Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары (бір уақытта 2006 жылғы сәуірден - қазан айына дейін Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі болған).
2007-2012 жылдары Қазақстанның Премьер-Министрі.
2012-2014 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы.
2014 жылғы 21 қаңтардан - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы міндетін атқарушы.
2014 жылғы 2 сәуірден 2016 жылғы 8 қыркүйекке дейін - Қазақстанның Премьер-Министрі.
Мемлекет басшысының 2016 жылғы 8 қыркүйектегі № 318 Жарлығымен Қазақстан Республикасы ҰҚК Төрағасы болып тағайындалды.
Экономика ғылымдарының докторы. Қазақ, орыс, ағылшын, қытай және араб тілдерін біледі.
         Үйленген, үш баласы бар.

Артқа