Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Терроризм актілерінің жасалу қауіп-қатері кезінде халықтың әрекет ету қағидаттары

Терроризм актілерін жасау (жасалған) қауіп-қатерлері кезінде халықтың өзін-өзі ұстау қағидаттары

Ықтимал жағдайлар  (сценарий)

Іс-әрекеттер

1.

Террористік актілерді жасау қауіп-қатерін телефон арқылы алу 

Хатшыға (диспетчерге, кезекшіге және с.с):

1) анонимнің талаптарын анықтап алу және қауіп-қатердің сипаттары туралы ақпарат алу, мұқият тыңдау және барлық талаптарды сөзбе-сөз жазып алу;

2) қандай да болмасын бір оңтайлы себеппен қоңырауды қайталауға  оның көзін жеткізуге тырысу;

3) сөйлесу кезінде сөйлесудің фонограммасын жазып алу мүмкіншіліктерін қарастыру;

4) оқиға туралы құқық қорғау органдарына «112» телефоны арқылы хабарлау.

2.

 

 

 

 

 

 

 

 

Террористік актілерді жасау қауіп-қатерін  жазбаша түрде алуда 

 

1) хатты (жазбаша хат, дискет және т.б.) сақтауға және құқық қорғау органдарына шұғыл жеткізуге шара қабылдау;

2) мүмкіндігінше хатты (жазбаша хат, дискет және т.б.) полиэтиленді пакетке салу;

3) құжатта өз саусақтарының ізін қалдырмауға тырысу;

4) бәрін сақтау: құжаттың өзін, конвертті, қаптаманы, кез-келген салымдарды. Ештеңені лақтырмау;

5) хатты (жазбаша хатты және т.б.) алу немесе тауып алу белгілерін есте сақтау. 

3.

Жарылғыш қаупі бар затты тауып алу

Табылған заттың жарылғыш қаупі болуы мүмкіндігін куәландыратын белгілер:

1) белгісіз түйіншектің немесе қандайда бір заттың машинада, сатыда, пәтерле және т.б. болуы;

 2) тартылған сым, бау, қорек көздері немесе машинаның астынан шығып тұрған  оқшаулау лентасы;

3) бөтен сөмке, портфель, қорап, қандай да бір зат; машинада, пәтер есігінің алдында, кіре берісте табылған заттардың өзгеше жатуы;

4) табылған күдікті заттан шыққан шулар (сағат механизмдеріне тән дыбыс, төмен жиілікті шулар).

Заттың сыртқы түрі оның нағыз мақсатын жасыруы мүмкін. Жарылғыш заттарға арналған камуфляж ретінде кәдімгі тұрмыстық заттар қолданылады: сөмкелер, пакеттер, түйіншектер, қораптар, ойыншықтар және т.б.

 

Егер күдікті зат табылса, бұл фактіні назардан тыс қалдырмау керек:

- көршілеріңізден сұраңыз, мүмкін, ол солардікі болар.  Егер иесі анықталмаса – шұғыл түрде табылған зат туралы ІІМ, ҰҚК органдарына хабарлаңыз.

Қатаң тыйым салындаы:

 

- таыблған затты қозғауға, ашуға және жылжытуға;

- оған жақын жерде мүмкіндігінше радио- және электроаппараттарын, ұялы телефондарды  пайдаланбаңыз.  

4.

Террористік актілерді жасау қаупіне байланысты эвакуация туралы ақпарат алу

Егер эвакуацияның басталғандығы туралы ақпарат Сізге үйіңізде жетсе :

1) ауа-райына сай киініңіз, құжаттарыңызды, ақшаңызды, бағалы заттарыңызды алыңыз;

2) электр тоғын, газды, суды, пештегі (каминдегі) отты сөндіріңіз;

3) эвакуация кезінде қарт және ауыр науқасты адамдарға көмек көрсетіңіз;

5) ғимараттан алыстап, эвакуатордың командасын орындаңыз, кетіп қалған тұрғын-жайға жауапты тұлғалардың рұқсатынан кейін ғана оралыңыз.

5.

Жарылғыш заттың жұмыс істеуі нәтижесінде жарылу аумағында немесе ғимарат конструкциясы сынықтарының астында болу

 

 

 

Егер Сіз жарылыс аумағында, ақыл-есіңізде және қозғалысқа қабілетті болсаңыз, онда бірінші кезекте түтін мен от жоқ жерге баруыңыз немесе өрмелеуіңіз керек.

Егер Сіз жарылыс кезінде зардап шекпесеңіз, ал жаныңызда зардап шеккендер болса, олардың жағдайын бағалаңыз: пульсі бар ма, адам ақыл-есінде ме. Нашатырь көмегімен оның есін жинатуға әрекет етуге тыйым салынады.  Есінен айырылу – бұл ағзаның сыртқы әсерге қорғаныс реакциясы. Егер зардап шеккеннің сүйектері бүтін болса (оның сүйектерін мұқият ұстап сөріңіз), оны қырынан жатқызыңыз. Арқасынан жатқан күйінде ол құсық массасына қақалып, етбетінен жатқанда   – тұншығып қалуы мүмкін. Артериалдық қан кеткенде (қан ал қызыл, бұрқақатап аққанда) жараны ең болмаса саусақпен тез арада бітеу керек, содан кейін ременьмен, жіппен, белдікпен жарадан жоғары байлау керек.  

Егер Сіз ғимарат конструкциясы сынықтарының астында болсаңыз рухыңызды түсірмеңіз. Тынышталыңыз. Терең және бір қалыпты демалыңыз. Құтқарушылар Сізді құтқарады деп ойлаңыз. Дауыспен және тарсылмен адамдардың назарын аудартыңыз. 

Егер Сіз тереңде ғимарат сынықтарының астында болсаңыз, сізді эхопеленгатормен табу үшін кез-келген металл затын оңға-солға жылжыта беріңіз (сақина, кілттер және т.б.).

Егер сіздің маңайыңыздағы кеңістік бостау болса, оталғышты жақпаңы. Оттегін сақтаңыз.

Жаңа құлауды шақырмас үшін сырттан келетін ауаның қозғалысы бойынша байқап қозғалыңыз. Егер Сізде мүмкіндік болса, қоластындағы заттардың көмегімен (тақтайша, кірпіш және т.б.) төбені бекітіп, көмек күтіңіз. Қатты сусаған болсаңыз, аузыңызға тас салыңыз да оны мұрынмен демалып сорыңыз.  

6.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кепілгерлікке алу   

Егер Сіз кепілгер болсаңыз:

 

1) ықтимал қатаң сынаққа жан-дүниеңізбен, моральды, эмоциялық жағынан дайындалыңыз. Сонымен қатар, адамдарды кепілгерлікке алған көпшілік жағдайларда кепілгерлер тірі қалған. 

 

Құқық қорғау органдарының Сізді босату үшін кәсіби шаралар қабылдап жатқандығына сеніңіз;

 

2) егер қашудың сәтті болатындығына сенбесеңіз, қашуға әрекеттенбеңіз;

 

3) террористер туралы ақпаратты барынша көбірек есте сақтауға, түрлі белгілер бойынша өзіңізді ұстап (қамап) отырған жерді анықтауға  тырысыңыз;

 

4) мүмкіндігінше терезеден, есіктен және ұрлаушылардың өздерінен алысырақ орнығыңыз, яғни егер құқық қорғау органдары белсенді шаралар жасауға шешім қабылдаған жағдайда барынша қауіпсіз жерге (тұрғын жайды штурмдау, мергендердің қылмыскерлерді оқ астына алуы және т.б.);

 

5) ғимаратты штурмдаған жағдайда қолын артына салып, еденге бетімен жату керек.

 

Ұрлаушылармен өзара қарым-қатынас:

 

1) агрессиялық қарсылау көрсетпеңіз, жылдам және қауіпті қозғалыс жасамаңыз, террористерді ойланбаған қозғалысқа итермелемеңіз;

 

2) мүмкіндігінше ұрлаушылармен тіке көз түсістіруден аулақ болыңыз;

3) ең басынан бастап (әсіресе алғашқы жарты сағатта) ұрлаушылардың барлық бұйрықтар мен нұсқауларын орындаңыз;

 

4) өзіңізді сабырлы да салиқалы ұстаңыз. Қарсылық көрсетпеңіз, бірақ орынды қажеттілігіңізді сұраудан қорықпаңыз;

 

5) Қатты стерстік жағдайда сыр беруі мүмкін денсаулығыңызда ақаулық болған жағдайда,  бұл туралы сабырлы қалыпта ұрлаушыларға айтыңыз. Ақырындап, қалыптасқан жағдайды ескере отырып, жайлылығыңызды арттыратын өтініштеріңізді арттыруға болады.

  

Қазақстан Республикасы ҰҚК ТҚО Штабы

Артқа