Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Қызылордадағы лаңкестікке қарсы оқу-жаттығулар

2005 жылғы 1 қарашада Қызылорда станциясының темір жол вокзалында көлік объектілеріндегі лаңкестік актілерінің алдын алу дағдыларын пысықтау бойынша оқу-жаттығулар өтті.

Оқу-жаттығуларға ҰҚК, ішкі істер және төтенше жағдайлар жөніндегі депратменттерінің, «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ Қызылорда тасымал бөлімшесінің қызметкерлері қатысты.

Тактикалық іс-қимыл жоспарына сәйкес, жаттығулар екі кезеңде өткізілді: бірінші – вокзалдың күту залында жарылғыш құрылғыны табу және залалсыздандыру, екінші – лаңкестік актінің салдарын жою.

Жұмылдырылған күштер мен құралдар көлік объектілеріндегі лаңкестік белгілерінің алдын алу және жолын кесуде кәсібилік және өзара әрекеттестіктің жоғары деңгейін көрсетті.

Лаңкестік белгілерін жою бойынша жаттығуға қатысушылар алдына қойылған оқу-жаттығу міндеті толық көлемде орындалды.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі 

Артқа