Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Баспасөз хабарламасы

ҰҚК Лаңкестікке қарсы орталығының (ЛҚО) 2005 жылдағы қызметінің нәтижесі ЛҚО Ведомствоаралық үйлестіру комиссиясының бүгін болып өткен мәжілісінде қорытындыланды.

12 республикалық министрліктер мен ведомстволардың басшылары және өкілдері одан әрі өзара іс-әрекеттестік мәселелерін талқылап, комиссияның 2006 жылға арналған жұмыс жоспарын мақұлдады.

ҰҚК Төрағасының бірінші орынбасары – Лаңкестікке қарсы орталық басшысы генерал-майор В.К. Божко өткен жылда Орталықтың лаңкестікпен күрес саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды үйлестіруші ведомствоаралық құрылым ретінде қалыптасқанын атап өтті.

Мемлекет басшысының ЛҚО ұйымдастырушылық және кадрлық жағынан нығайту туралы тапсырмасы жүзеге асырылды. Орталықтың мүмкіншіліктері арқылы мемлекеттік органдардағы лаңкестікке қарсы шараларды ұйымдастырудағы бар кемшіліктер жойылды, бірқатар бірлескен іс-шаралар табысты жүзеге асырылды, олардың қатарында заңнамалық базаны жетілдіру және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мен Шанхай ынтымақтастық ұйымы шеңберінде қабылданған лаңкестікпен күрес бойынша халықаралық келісімдерді ратификациялау бар. Өткен жылы «Экстремизмге қарсы іс-әрекет ету туралы» Заң қабылданды. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және экстремистік қызметке қарсы әрекет ету мәселелері бойынша республикамыздың бірқатар заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Лаңкестік пен экстремизмді қаржыландыруға қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Презденттің 3 актісі және Үкіметтің 5 қаулысы, 7 ведомствоаралық бұйрық пен нұсқаулық шығарылды.

ЛҚО бастауымен Лаңкестікпен, экстремизммен және сепаратизммен күрестің 2004-2006 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында қарастырылған бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылды. Олардың қатарында мемлекеттік органдардың лаңкестікке қарсы қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету, бірлескен оқу-жаттығулар, ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізу бар.

ЛҚО материалдары және Бас прокуратураның ұсынысымен сот органдары 11 халықаралық лаңкестік ұйымының, сондай-ақ «Хизб-ут-Тахрир» діни-саяси партиясының қызметіне тыйым салынды. Қазақстанның аумағында жойылған «Орталық Азия моджахедтерінің жамағаты» ұйымын БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тыйым салынған лаңкестік ұйымдар тізіміне енгізу туралы мәселесі көтерілді.

Республикамыздың 6 облысында ведомствоаралық лаңкестікке қарсы оқу-жаттығулары, сондай-ақ «Каспий-Антитеррор-2005» мемлекетаралық оқу-жаттығуы өткізілді. Лаңкестік қауіптерге қарсы қимылдаудың бірыңғай жалпы мемлекеттік механизмін жасау бойынша шаралар жүзеге асырылды.

Лаңкестікке қарсы іс-шараларды ақпараттық-насихаттық жариялауға баса назар аударылды. ЛҚО Ақпараттық бюллетенінің бірінші нөмірі, ғылыми конференциялардың жинақтары шығарылды, бұқаралық ақпарат құралдарында лаңкестікке қарсы тақырыптағы басылымдардың саны өсті.

ЛҚО өзін халықаралық деңгейге шығарды. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Лаңкестікке қарсы комитетімен, ШЫҰ аймақтық лаңкестікке қарсы құрылымымен, ТМД елдерінің Лаңкестікке қарсы орталығымен, Ұжымдық қауіпсіздік туралы Келісімшарт ұйымымен байланыстар жолға қойылып, табысты дамуда. ҰҚК ЛҚО ЕҚЫҰ-ның лаңкестікке қарсы желісіне қосылды, Орталық туралы ақпарат осы Ұйымның ай сайынғы жаршысына енді.

Арнайы қызметтердің практикалық қызметінде де және құқық қорғау органдарынан да бірқатар оң нәтижелер алынды. 2004-2005 жж. лаңкестік қызметіне қатысы бар 11-ден аса тұлға Қазақстанның аумағында ұсталып, Ресейге, Өзбекстанға және бірқатар басқа да елдерге экстрадицияланды. ТМД 4 мемлекетінің аумағында әрекет еткен «Орталық Азия моджахедтерінің жамағаты» лаңкестік ұйымының 16 мүшесі сотталды. Лаңкестік қызметке жалданып жұмыс істегені және қатысқаны үшін Қазақстанның 4 азаматы сотталды. ЛҚО Ведомствоаралық үйлестіру комиссиясының мәжілісіне қатысқан мемлекеттік органдардың басшылары орталықтың 2005 жылдағы жұмысын қанағаттанарлық деп таныды. Комиссияның шешімімен оның қызметін одан әрі жетілдіруге бағытталған бірқатар нақты шаралар белгіленді.

ҰҚК Лаңкестікке қарсы орталығы туралы

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Лаңкестікке қарсы орталығы Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 29 желтоқсандағы өкіміне сәйкес құрылды.

Орталық мемлекеттік органдардың лаңкестікке және басқа да экстремизм белгілеріне қарсы іс-әрекет ету саласындағы қызметін үйлестіруге арналған ұдайы әрекет ететін ведомствоаралық кеңес болып табылады.

ЛҚО құрылымы Ведомствоаралық үйлестіруші комиссиядан, ұдайы әрекеттегі жұмыс органы – Штаб пен республика аймақтарындағы үйлестіру топтарынан тұрады.

Орталықтың құрамына құзырына лаңкестікке қарсы іс-әрекет ету мәселелері жататын (ҰҚК, Президент күзет Қызметі, ішкі істер, қорғаныс, төтенше жағдайлар, әділет, мәдениет, ақпарат және спорт, көлік және коммуникациялар министрліктері, ҚМ Кедендік бақылау комитеті) 9 мемлекеттік орган кіреді. Сондай-ақ, ЛҚО лаңкестікке қарсы күрес саласындағы министрліктер мен ведомстволардың қызметіне бақылау жасау функциясын іске асырады.

Орталық өз жұмысында ТМД Лаңкестікке қарсы орталығымен, ШЫҰ аймақтық лаңкестікке қарсы құрылымымен, «Орта Азиялық ынтымақтастық» Ұйымының жұмыс органдарымен және Ұжымдық қауіпсіздік туралы Келісімшарт ұйымымен, сондай-ақ лаңкестіктің алдын алу және жолын кесумен айналысатын басқа да халықаралық құрылымдармен өзара іс-қимылдар жасайды.

ЛҚО негізгі міндеттеріне мемлекеттік органдардың лаңкестікке қарсы қызметін үйлестіру, лаңкестік және басқа да экстремистік қауіптер туралы ақпараттарды жинау және талдау, нормативтік актілерді, бірлескен жоспарлар мен бағдарламалар әзірлеу, халықаралық орталықтар және ұйымдармен жұмыс байланыстарын орнату және қолдау, лаңкестікке қарсы іс-шараларды дайындау және өткізу болып табылады.

Ведомствоаралық үйлестіру комиссиясы ЛҚО мәжіліс органы болып табылады. Оның құрамына Орталықтың құрамына кіретін мемлекеттік органдар басшыларының орынбасарлары кіреді. Қажет болған жағдайда комиссияның жұмысына республиканың басқа да министрліктері мен ведомстволарының өкілдері тартылады. Комиссия үйлестіру мен ведомствоаралық өзара әрекеттестіктің стратегиялық мәселелерін шешеді, нормативтік құқықтық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу мәселесін қозғау қажеттілігі туралы, басқа да ұйымдастырушылық және тәжірибелік іс-шараларды өткізу туралы шешімдер қабылдайды, бірлескен жоспарларды келіседі, облыстардағы үйлестіру топтарының жұмысын реттейді және ЛҚО Штабына тапсырма береді.

Штаб ағымдағы ұйымдық жұмыстарды орындайтын Лаңкестікке қарсы орталықтың жұмыс органы болып табылады. Бұған ұқсас жұмысты аймақтық ерекшеліктеріне қарай облыстардағы үйлестіру топтары іске асырады. Топтар аймақтардағы лаңкестікке қарсы күресті іске асыратын субъектілердің өзара әрекеттестіктерін ұйымдастырады.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Артқа