Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Баспасөз хабарламасы

ҰҚК Лаңкестікке қарсы орталығы Ведомствоаралық үйлестіру комиссиясының 20 шілдеде болып өткен кезекті жоспарлы мәжілісінде лаңкестік және экстремизм белгілерімен күрес саласындағы өзара әрекеттестікті одан әрі жандандыру мәселелері талқыланды. Комиссияның жұмысына 12 республикалық министрлік пен ведомствоның басшылары және өкілдері қатысты.

Комиссия мемлекеттік органдардың киберлаңкестік пен компьютерлік қылмыстарға қарсы әрекет ету бойынша дайындық жағдайлары мен шараларын, сондай-ақ, Интернет желісінде лаңкестік және діни экстремизм идеологияларын таратумен байланысты проблемаларды қарады. Бірлескен лаңкестікке қарсы оқу-жаттығуларды дайындау және өткізу бойынша жұмысты одан әрі үйлестіру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, мәжілісте Лаңкестікке қарсы орталықтың ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығындағы қызметінің қорытындысы шығарылды, бұрын қабылданған шешімдерді іске асыру барысы тыңдалды.

Талқылау барысында Президенттің Жолдауына сәйкес ЛҚО тарапынан лаңкестік пен экстремизмге қарсы әрекет ету саласында халықаралық ынтымақтастықтың жандандырылғаны, ведомствоаралық өзара әрекеттестік деңгейінің өсіп жатқаны аталып өтті. Мемлекет басшысы «ШЫҰ Аймақтық лаңкестікке қарсы құрылымының мәліметтер банкі туралы Келісімін ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. ШЫҰ саммитінде Ұйымға қатысушы мемлекеттер басшылары лаңкестікпен және экстремизммен күрестегі ынтымақтастық туралы 6 мемлекетаралық нормативтік актіні бекітті. Лаңкестікке қарсы қызметтің түрлі аспектілерін регламенттейтін мемлекеттік органдардың 3 бірлескен бұйрығы шығарылды. Министрліктер мен ведомстволарды ақпараттық қамтамасыз ету қарқыны да төмендер емес. ЛҚО бастауымен 3 лаңкестікке қарсы оқу-жаттығуы өткізілді – Оңтүстік Қазақстан облысында «Юг-Антиттеррор-2006», Павлодар теміржол станциясында және Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталық базасында «Атом-Антитеррор-2006» командалық-штабтық оқу-жаттығуы. Аймақтық лаңкестікке қарсы құрылымдар шеңберінде өткізілген бірқатар халықаралық іс-шараларға, сондай-ақ шетелдік әріптестермен өткізілген жұмыс кездесулеріне қатыстық.

ЛҚО Ведомствоаралық үйлестіру комиссиясы мәжілісінің қорытындысында тиісті хаттамалық шешімдер қабылданды.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі 

Артқа