Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Баспасөз хабарламасы

Терроризмнің  және экстремизмнің белгілерімен күрес саласындағы өзара әрекеттестікті одан ары жандандыру мәселелері ҰҚК Терроризмге қарсы орталығы Ведомствоаралық үйлестіру комиссиясының ү.ж. 6-сәуірінде болып өткен мәжілісінде талқыланды. Комиссия жұмысына 15 республикалық министрлік пен ведомство басшылары және өкілдері қатысты.

Мәжіліске қатысушылар Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясында мемлекеттік органдардың лаңкестікпен, экстремизммен және сепаратизммен күресі саласындағы қызметін үйлестіру бойынша жағдайлары мен шаралары жөніндегі мәселелерін қарастырды. Алматы және Қарағанды облыстарының төтенше жағдайлар жөніндегі Департаменттері басшыларының нормативтік құқықтық актілер талаптарын, Ведомствоаралық үйлестіру комиссиясы (ВҮК) қабылдаған шешімдер, бірлескен бұйрықтар қағидаларын іске асыру мәселелері бойынша сөздері тыңдалды. Комиссия тиісті хаттамалық шешімдер қабылдады.

Ведомствоаралық комиссия Терроризмге қарсы орталықтың ағымдағы жылдың бірінші тоқсанындағы жұмысы қорытыланды, бұған дейін қабылданған шешімдердің жүзеге асу барысы, атап айтқанда, мемлекеттік органдардың ЛҚО ВҮК 2005 жылғы 17 қазандағы «Биолаңкестік актілерінің алдын алу бойынша жұмыстардың жағдайы туралы» мәселесі бойынша хаттамалық шешімін іске асыру барысы туралы жұмысы тыңдалды.

ТҚО мүдделес мемлекеттік органдармен бірлесіп шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту бойынша жұмыстарды жалғастырды. Осылайша, ШЫҰ АЛҚҚ және басқа халықаралық ұйымдар аясында лаңкестікпен, сепаратизммен және экстремизммен күрес саласындағы ынтымақтастықтың құқықтық негізін жасау бойынша жұмыс жүргізілуде.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Артқа