Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Ақтау халықаралық теңіз сауда портындағы «Каспий-Антитеррор-2005» командалық-штабтық бірлескен жаттығуларының нәтижелері туралы

17, 18 тамызда Ақтау халықаралық теңіз сауда портында Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті ТМД Лаңкестікке қарсы орталығының бастауымен ТМД қатысушы мемлекеттер қауіпсіздік органдары мен арнайы қызметтері өкілдерінің, Достастықтың жұмыс және жарғылық органдарының, ШЫҰ АЛҚҚ және ҰҚКҰ аймақтық құрылымдарының қатысуымен бірлескен командалық-штабтық жаттығуларын өткізді, оған АҚШ, Германия, Қытай, Пәкістан, Иран және Түркия елдерінің қауіпсіздік органдары мен арнайы қызметтерінің өкілдері бақылаушылар ретінде қатысты. Жаттығуларды ҚР ҰҚК Төрағасы генерал-лейтенант Нартай Дүтбаев басқарды.

«Каспий-Антитеррор-2005» жаттығулары үш кезеңде болып өтті.

Бірінші кезең Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Украина қауіпсіздік органдары мен арнайы қызметтерінің мемлекеттік шекаралардағы өзара жедел мүддедегі объектілерді бақылауға алу-беру кезіндегі өзара іс-қимылдарын ұйымдастыру мақсатындағы жедел іздестіру іс-шараларын өткізуден тұрды. Осы кезеңде шартты «лаңкесшілерді» пайдалану арқылы жедел іздеу жүйесін тексеру де жүзеге асырылды және олардың алдына Қазақстанның бірқатар облыстарындағы стратегиялық объектілерге ену міндеті қойылды.

Екінші кезеңде Ақтау порты акваторийінің теңіз транспорты объектілеріндегі және отын-энергетикалық кешеніндегі шартты аманаттарды құтқару және лаңкестерді залалсыздандыру бойынша арнайы операциясы жүргізілді.

Үшінші кезең лаңкестік актілерінің салдарын жоюға арналды.

Жаттығулар кезінде ТМД қатысушы мемлекеттердің лаңкестікке қарсы бөлімшелері басшылық құрамының жиыны болып, бірлескен оқу топтары қызметінің және жедел іздестіру іс-шаралары нәтижелерінің жабық түрдегі қорытындылары шығарылды, сондай-ақ қару-жарақ пен арнайы техниканың көрмесі болып өтті.

Жаттығуларға ЛҚО Штабының, «Арыстан» арнайы бөлімшесінің және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің Маңғыстау облысы Ішкі істер және Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттерінің, ІІМ Ішкі әскерлер комитетінің жеке құрамдары қатысты.

Жаттығуларға қатысушылардың алдына қойылған лаңкестік белгілерін тұмшалау бойынша оқу міндеті толығымен орындалды.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі 

Артқа