Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

ҰҚК Терроризмге қарсы орталығы Ведомствоаралық үйлестіру комиссиясының кезекті мәжілісі болып өтті

Мемлекеттік органдардың лаңкестікке және экстремизмнің өзге де белгілеріне қарсы әрекет ету саласындағы өзара іс-әрекеттестігін одан әрі жетілдіру мәселелері ағымдағы жылдың 17 қазанында ҰҚК Терроризмге қарсы орталығы Ведомствоаралық үйлестіру комиссиясының кезекті мәжілісінде талқыланды, оған 12 республикалық министрлік және ведомство басшылары мен өкілдері қатысты.

Мәжіліс барысында терроризммен және экстремизммен күрес саласындағы бірлескен ақпараттық-насихаттық қызметті жандандыру, мемлекеттік органдардың биолаңкестіктің болуы мүмкін актілерінің алдын алуға дайындықтарын күшейту жөніндегі шаралар талқыланды. Комиссия мүшелері сондай-ақ лаңкестікпен күрес бойынша біріккен мәліметтер банкін құру және пайдалану жөніндегі жұмыс жағдайын қарастырды. Барлық қарастырылған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Бұл ТҚО Ведомствоаралық үйлестіру комиссиясының ағымдағы жылдың басынан бергі төртінші жоспарлы мәжілісі.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Артқа