Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Баспасөз хабарламасы

Лаңкестік және экстремизм белгілерімен күрес саласындағы өзара әрекеттестікті одан әрі жандандыру мәселелері ҰҚК Терроризмге қарсы орталығы Ведомствоаралық үйлестіру комиссиясының кезекті мәжілісінде талқыланды. Комиссия жұмысына 9 республикалық министрлік және ведомство басшылары мен өкілдері қатысты.

Мәжіліске қатысушылар қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды сақтауды күшейту мәселелерін қарастырды, лаңкестік және экстремистік мәндегі қылмыстары үшін сотталған тұлғалар жазасын өтеп жатқан түзету мекемелерінде лаңкестік пен экстремизм идеяларын таратуға жол бермеу бойынша бірлескен шаралар жоспарланды. Комиссия тиісті хаттамалық шешімдер қабылдады.

Ведомствоаралық комиссия Лаңкестікке қарсы орталықтың ағымдағы жылдың бірінші тоқсанындағы қызметінің нәтижесін шығарды, бұған дейін қабылданған шешімдердің жүзеге асырылу барысын тыңдады.

Атап айтсақ, ТҚО лаңкестікпен күрес саласындағы заңдарды жетілдіру бойынша жұмыстарды жалғастырды. Екі ведомствоаралық нормативтік құқықтық акті шығарылды, Шанхай ынтымақтастық ұйымының Аймақтық лаңкестікке қарсы құрылымы шеңберінде әзірленген бірқатар халықаралық келісімдерді ратификациялаудың мемлекетішілік рәсімдері жүргізілуде.

ТҚО бастауымен Оңтүстік Қазақстан облысында республикалық қуатты құрылымдардың «Юг-Антитеррор-2006» бірлескен жедел-тактикалық оқу-жаттығулары болып өтті.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жолында лаңкестікпен күрес саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту бойынша жұмыс жандандырылуда. ШЫҰ, ҰҚШҰ, ТМД ТҚО шеңберінде өткізілген бірқатар маңызды іс-шараларға қатыстық, олардың ішінде ШЫҰ қатысушы мемлекеттердің «Восток-Антитеррор-2006» бірлескен лаңкестікке қарсы оқу-жаттығулары, ШЫҰ Аймақтық лаңкестікке қарсы құрылымы Кеңесінің мәжілісі, ТМД елдерінің ұлттық лаңкестікке қарсы орталықтары басшыларының кездесуі бар.

Мемлекеттік органдарды лаңкестікке және экстремизмге қарсы іс-әрекет ету, сондай-ақ шетелдік тәжірибені таратумен байланысты проблемалар жөніндегі ақпаратпен қамтамасыз ету бойынша жұмыс күшейтілді.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Артқа