Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Баспасөз хабарламасы

21 маусымда Павлодар қаласының әуежайында ҰҚК Лаңкестікке қарсы орталығының бастауымен әуе лаңкестігі актісін оқшаулау және жолын кесу бойынша «Дабыл» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы болып өтті.

Оқу-жаттығуға лаңкестікке қарсы оқу-жаттығуларды өткізу бойынша Республикалық және Павлодар облыстық жедел штабтарының құрамына кіретін бес мемлекеттік орган мен олардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен өкілдері қатысты.

Оқу-жаттығуға қатысушылар әуе көлігі нысанындағы лаңкестік актінің жолын кесу барысында штабтық шешімдер қабылдау және ҰҚК, қорғаныс, ішкі істер, төтенше жағдайлар, көлік және коммуникация министрліктерінің күштері мен құралдарын ұйымдастыру алгоритмдері тәжірибе түрінде пысықтады.

Сонымен бірге республикамызда бірінші рет оқу-жаттығулардың бірінші кезеңінде «лаңкестер» басып алған әуе кемесін күштеп қондыру үшін ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің жойғыш ұшақтары пайдаланылды. Екінші кезеңде облыстық жедел штаб жұмысқа қосылды, одан кейін ҰҚК «Арыстан» Қызметінің күшімен кепілге алынғандарды босату бойынша арнайы операция өткізілді, ТЖМ және әуежайдың жердегі қызметі бөлімшелері лаңкестік актінің салдарын жою мәселелерін пысықтады.

Алдағы уақытта ҰҚК ведомствоаралық Лаңкестікке қарсы орталығы елімізде лаңкестік қауіп-қатерлердің түрлеріне жауап берудің бірегей жүйесін жасауға бағытталған осындай іс-шараларды жүйелі түрде өткізіп тұратын болады.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Артқа