Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Баспасөз хабарламасы

Терроризм және экстремизм көріністерімен күрес бойынша өзара ынтымақтастықты жандандыра түсу мәселесі ҰҚК Террорға қарсы орталығының ведомствоаралық үйлестіру комиссиясы кезекті мәжілісінде талқыланды. Комиссия жұмысына 9 республикалық министрлік пен ведомствоның басшылары қатысты.

Мәжіліске қатысушылар көлік нысандарындағы террорлық қауіптің алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың жағдайы мен біріккен шаралары туралы мәселені қарады. Осы мақсатта Алматы, Астана және Атырау қалаларындағы әуежайлардың басшыларының, сондай-ақ «Қазақстан темір жолы» АҚ Жамбыл облысындағы филиалының есебі тыңдалды.

Комиссия террорға қарсы орталық ведомствоаралық үйлестіру комиссиясының 2007 жылғы жұмысының нәтижелері және келер жылғы жоспары, сондай-ақ 2008 жылға жоспарланған террорға қарсы оқу-жаттығуларының кестесін талқылады.

Ведомствоаралық үйлестіру комиссиясы мәжіліс қорытындысы бойынша тиісінше хаттамалық шешімдер қабылдады.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Артқа