Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Баспасөз хабарламасы

Терроризм және экстремизм белгілерімен күресу саласындағы өзара әрекеттестікті одан әрі жандандыру мәселелері кеше, 18 наурызда, ҰҚК Террорға қарсы орталығының Ведомствоаралық үйлестіру комиссиясының болып өткен кезекті мәжілісінде талқыланды. Комиссия жұмысына 9 республикалық министрлік пен ведомствоның басшылары мен өкілдері қатысты.

Мәжіліске қатысушылар ҚХР Олимпиада ойындарына дайындық және оларды өткізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша көмек көрсету мәселелері қарастырылды, Террорға қарсы орталық қызметінің ағымдағы жылдың бірінші тоқсанындағы қорытындысы шығарылды, бұған дейін қабылданған шешімдерді жүзеге асыру барысы тыңдалды. Одан басқа, Комиссия республикамыздың түзету мекемелерінде терроризм және діни экстремизм идеяларының таралуын болдырмау жөніндегі бірлескен шараларды белгіледі, Әділет министрлігі Қылмыстық-түзету комитеті жүйесінің Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстары бойынша басқармаларының бастықтары тыңдалды.

Ведомствоаралық комиссия мәжілісінің қорытындысы бойынша тиісті хаттамалық шешімдер қабылданды.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Артқа