Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Баспасөз хабарламасы

ҰҚК Терроризмге қарсы орталығы Ведомствоаралық үйлестіру комиссиясының кезекті мәжілісінде кедендік және шекаралық бақылау бөлімшелерінің терроризмге қарсы қызметін жетілдіру, сондай-ақ стратегиялық, аса маңызды мемлекеттік нысандардың және өмірді қамтамасыз ету өндіріс орындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды.

Комиссия жұмысына 13 республикалық министрлік пен ведомство басшылары мен өкілдері қатысты.

Мәжіліс барысында республиканың кедендік және шекаралық органдарының терроризмге қарсы дайындық деңгейін көтеру бойынша нақты шаралар белгіленді.

Мәжіліске қатысушылар мемлекеттік қорғауға жататын нысандардың террорға қарсы қорғаныс дәрежелерін жоғарылату үшін осы саладағы заңнаманы сақтамағандары үшін нысандар әкімшілігінің жауапкершілігін қатайту бөлігі бойынша мүдделі мемлекеттік органдардың ұсыныстарын қарастырды.

Одан басқа, комиссия мүшелері бұған дейін қабылданған шешімдерді іске асыру барысы тыңдалды, Террорға қарсы орталықтың ағымдағы жылдың екінші тоқсанындағы қызметінің қорытындысы шығарылды.

Мәжіліс қорытындысы бойынша ТҚО Ведомствоаралық үйлестіру комиссиясы тиісті хаттамалық шешім қабылдады.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Артқа