Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Баспасөз хабарламасы

ҰҚК Терроризмге қарсы орталығының (ТҚО) 2008 жылдағы қызметінің қорытындысы 4 желтоқсанда болып өткен ТҚО Ведомствоаралық үйлестіру комиссиясының мәжілісінде шығарылды.

Мәжілісте 9 министрлік пен ведомствоның өкілдері терроризм мен экстремизм идеологиясына қарсы іс-әрекет ету саласындағы және көлік нысандарының терроризмге қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-шараларды одан ары қарай жандандыру шараларын талқылады.

29 желтоқсанда Мемлекет басшысының ҰҚК ТҚО терроризмге қарсы іс-әрекет ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды үйлестіруші ведомствоаралық орган ретінде құру туралы өкімінің шыққанына 5 жыл толады. ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары – терроризмге қарсы орталықтың басшысы генерал-майор Әділ Шаяхметов мерейтойлық жылда Орталықтың халықаралық келісімдерді ратификациялау және әрекеттегі заңнаманы жетілдіру, ведомствоаралық үйлесімді және аймақтық қауіпсіздік негіздерін нығайту бойынша бірқатар маңызды іс-шараларды іске асырғанын атап айтты.

Атап көрсетсек, БҰҰ ядролық терроризм актілерімен күрес туралы Халықаралық конвенциясы және Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясындағы 4 келісім ратификацияланды. Парламенттің қарауына «Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-әрекет ету мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы берілді. Мемлекеттік органдардың бірлескен террорға қарсы қызметінің нақты аспектілерін реттейтін 5 ведомствоаралық нормативтік құқықтық актілері шығарылды.

ТҚО материалдары және ҚР Бас прокуратурасының ұсыныстары бойынша сот органдары «Түркістан Ислам партиясы» шетелдік ұйымының ел аумағындағы қызметіне тыйым салумен террорлық деп танылды.

ТҚО Ведомствоаралық үйлестіру комиссиясы және оның облыстық орталықтардағы топтары министрліктер мен ведомстволардың терроризмге қарсы тұру саласындағы өзара әрекеттестіктерінің көкейкесті проблемаларын шешуге бағытталған бірқатар ұйымдастырушылық және практикалық шаралар іске асырылды.

Террорлық қауіп-қатерлерге қимыл-әрекет жасаудың және мамандарды даярлаудың тиімді жалпы мемлекеттік механизмі жасалды. Республикамыздың барлық өңірлерінде 149 ведомствоаралық террорға қарсы оқу-жаттығулар өткізілді, соның ішінде «Атом-Антитеррор-2008» халықаралық оқу-жаттығуы бар. ҰҚК ТҚО өкілдері ТМД және ШЫҰ елдерінің қауіпсіздік органдарының бірлескен оқу-жаттығуларына қатысты. Шетелдік террорға қарсы оқу орындарында мемлекеттік органдарының сарапшыларын дайындау ұйымдастырылды.

Терроризммен күрес саласында халықаралық ынтымақтастықты жандандыру жолында қосымша жағдайлар қалыптастырылды. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі, ЕҚЫҰ профильдік контртеррорлық комитеттерімен, таяу және алыс шет елдердің бірқатар елдерінің террорға қарсы бөлімшелерімен байланыстар орнатылып, табысты дамуда. ТМД Террорға қарсы орталығы, ШЫҰ Аймақтық террорға қарсы құрылымы, ҰҚШҰ сияқты қауіпсіздік құрылыдары аясында бірлескен жұмыс және ақпараттық алмасу серпінді дамуда.

Ведомствоаралық үйлестіру комиссиясының мәжілісінде ҰҚК ТҚО 2008 жылдағы жұмысы қанағаттанарлық деп танылды. Оның қызметін одан ары жетілдіруге бағытталған бірқатар нақты шаралар белгіленді.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Артқа