Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Баспасөз хабарламасы

Ү.ж. 25 сәуірі мен 25 мамыры кезеңінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының нұсқауы бойынша Ресей Федерациясы және Әзірбайжан Республикасы шекаралық ведомстволарымен өзара іс-әрекеттестікте Каспий теңізі акваторийіндегі қарақшылық әрекеттердің жолын кесу және теңіз биологиялық ресурстарын қорғауға бағытталған «Дауылпаз-2009» бірлескен жедел - алдын алу іс-шаралары өткізілді.

Қарақшылық әрекеттің жолын кесуге бағытталған іс-шаралар теңізде және жағалаудағы аудандарда өзара әрекеттестіктегі органдардың түрлі күштері мен құралдарын кешенді қолдану жолымен жүргізілді, кемелер мен кеме жүзу режиміне, теңіз өнімдерін аулау және шығару тәртібінің сақталуына жаппай тексерулер жүзеге асырылды.

ҰҚК бастамасымен өткізілген бірлескен іс-шараларға ҰҚК, ІІМ, Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес агенттігінің, Кедендік бақылау комитеті, Қазақстан Республикасы АШМ Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық органдарымен өзара әрекеттестікте ҰҚК ШҚ Жағалау күзеті, «Батыс» өңірлік басқармаларының шекаралық жасақтары қатысты.

«Дауылпаз - 2009» бірлескен жедел-алдын алу іс-шаралары кезеңінде бағалы тұқымды балықтарды қарақшылық жолмен аулағандары үшін 216 адам құрықталды. Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде 78 жүзу құралы ұсталды, соның ішінде Әзірбайжан Республикасының туы тігілген 4 кәсіптік-көліктік кеме, Ресей Федерациясының 6 шағын жүзу құралы бар. 21 тонна 776 кг бекіре тұқымдас балық және 6 тонна 202 кг жай тұқымдас балық тәркіленді. 59 километр балық аулау ауы және 88 километр балықты қарақшылықпен аулайтын «калада» типті құрал су бетіне көтерілді.

ҰҚК Шекара қызметі Мемлекет басшысы және Комитет Төрағасы жүктеген басқа да көптеген міндетті шешуде. Олардың қатарында заңсыз көші-қонның жолын кесу, есірткі трафигімен күрес, еліміздің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

ҰҚК органдары осы жылдың басынан 47 есірткі арнасының жолын кесіп, 21 есірткі тобын жойды. Заңсыз айналымнан шамамен бір жарым тонна есірткі тәркіленді. Оның ішінде 229 килограмм героин, 80 килограмм гашиш, синтетикалық есірткілердің жүздеген түйіршігі бар. Комитетің Шекара қызметі мемлекеттік шекара арқылы есірткі контрабандасының 21 дерегінің жолын кесті. Екі жүз килограмнан астам есірткі тәркіленді.

ҰҚК бөлімшелерінің басқа да міндеті – еліміздің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Ұлттық қауіпсіздік органдары уәкілетті мемлекеттік құрылымдармен өзара әрекеттестікте ағымдағы жылдың басынан жалпы сомасы 10,7 млрд. теңгеден астам экономикалық залалдың алдын алды.

Экономикалық және экологиялық залалдың ашылған фактілері бойынша бюджетке 12,7 млрд. теңге қайтарылды. Аталған соманың үстінен айыппұл және төлем ақы өсімдері түрінде 503 млн. астам теңге өндіріліп алынды.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Артқа