Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Баспасөз хабарламасы

Үстіміздегі жылдың 28 шілдесінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы генерал-лейтенант Амангелді Шабдарбаевтың төрағалық етуімен Қауіпсіздік кеңесінің ішкі қауіпсіздік жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының және ҰҚК Терроризмге қарсы орталығы ведомствоаралық үйлестіру комиссиясының бірлескен мәжілісі болып өтті.

Кеңейтілген мәжілісте Ішкі істер, Әділет, Мәдениет және ақпарат, Көлік және коммуникация министрліктері өкілдерінің стратегиялық және басқа да өмірлік маңызды нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, дін саласындағы экстремистік пиғылдарға қарсы тұру мәселелері бойынша баяндамалары тыңдалып, талқыланды. Азаматтық авиацияның қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды мәселелері, оның ішінде аймақтық және халықаралық сипаттағы әуежайлардың қауіпсіздігін нығайту шаралары талқыланды.

Аталған салалардағы айтарлықтай кемшіліктері үшін ведомство басшыларын комиссия төрағасы Амангелді Шабдарбаев сын тезіне алды. Мемлекеттік органдардың жауапкершілігі мен өзара ықпалдастық деңгейін жетілдіру және көтеру аясында бір айдың ішінде айтылған кемшіліктерді жою, комиссия қарауына ұйымдық және нормативтік сипаттағы ұсыныстар енгізу жөнінде шешім қабылданды.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Артқа