Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Баспасөз хабарламасы

Діни экстремизм мен терроризм идеологиясын таратуға қарсы іс-қимыл саласында бірлескен жұмысты одан әрі жандандыру мәселелері ҰҚК Терроризмге қарсы орталығының Ведомствоаралық үйлестіру комиссиясының 6 қазанда өткен кезекті мәжілісінде талқыланды. Оған республикалық 10 министрлік пен ведомствоның басшылары және өкілдері қатысты.

Мәжіліске қатысушылар қоғамда терроризмге қарсы тұрақты түсінік пен діни төзімділікті қалыптастыруға бағытталған нақты шараларды белгіледі. Тиісті хаттамалық шешімдер қабылданды.

Комиссия сондай-ақ, Терроризмге қарсы орталықтың ағымдағы жылдың 9 айы ішіндегі жұмысын қорытындылады, бұрынғы қабылданған шешімдерді іске асыру барысы тыңдалды.

ҰҚК Төрағасының бірінші орынбасары – ТҚО басшысы генерал-лейтенант Әділ Шаяхметов 2009 жылы Терроризмге қарсы орталықтың қызметінде оң қозғалыс сақталғанын атап өтті. ТҚО құрамына кіретін мемлекеттік органдардың бірлесіп күш салуымен өңірлік қауіпсіздікті нығайту, сондай-ақ террористік қатерлерге қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық үйлестіру бойынша бірқатар іс-шаралар іске асырылды.

Мәселен, орталық пен жергілікті жерлерде терроризмге қарсы 133 оқу-жаттығу және жаттығу, соның ішінде «Батыс-Антитеррор-2009» ірі көлемді республикалық оқу-жаттығуы өткізілді. ТҚО және республиканың басқа да құзіретті органдарының өкілдері ШЫҰ елдерінің («Норак-Антитеррор-2009») және ҰҚШҰ Жедел әрекет етуші ұжымдық күштердің («Взаимодействие-2009») терроризмге қарсы оқу-жаттығуларына қатысты.

Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуда БАҚ маңызды рөл атқаратын республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Мәселен, ТҚО-ның көмек көрсетуімен терроризмге қарсы тақырыпта 306 мақала баспасөзде жарық көрді, 230 семинар, «дөңгелек үстел», лекция және кездесу өткізілді.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Артқа