Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Баспасөз хабарламасы

Ү.ж. 20-22 қазанында ҰҚК Террорға қарсы орталығының қамқорлығымен «Әулие-Ата» (Тараз қ.) халықаралық әуежайының базасында әуе көлігі объектісінде террористік актілерді оқшаулау және олардың жолын кесу бойынша «Дабыл-2009» республикалық толық ауқымды жедел-тактикалық оқу-жаттығуы болып өтті.

Оқу-жаттығуға Республикалық және Жамбыл облыстық, Алматы және Астана қалалық террорға қарсы операцияларды өткізу жөніндегі жедел штабтардың құрамына кіретін 10 мемлекеттік орган және олардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен өкілдері қатысты.

Оқу-жаттығуға қатысушылар Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Президенттің күзет қызметі, қорғаныс, ішкі істер, төтенше жағдайлар жөніндегі, көлік және коммуникация министрліктерінің, сондай-ақ басқа да мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарының штабтық шешімдерді қабылдау және әуе көлігі объектісінде террористік актілер салдарының жолын кесу және оқшаулау бойынша күштері мен құралдарының өзара әрекеттестігін ұйымдастыру алгоритмдерін пысықтады.

«Дабыл-2009» оқу-жаттығуының бірінші кезеңінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс күштері Әуе қорғанысы күштерінің жойғыштары «террористер» басып алған әуе кемесін күштеп қондыру міндетін табысты шешті. Екінші кезеңде іс-қимылға жедел штабтар кірісті, кейін ҰҚК, ІІМ және Президенттің күзет қызметі арнайы бөлімшелерінің «басып алынған» ұшақта ұсталып отырған кепілдерді босату бойынша бірлескен арнайы операциясы өткізілді.

«Дабыл-2009» оқу-жаттығуының қорытындысын жасай отырып, ҰҚК Төрағасының бірінші орынбасары - Террорға қарсы орталығының басшысы генерал-лейтенант Әділ Шаяхметов оған тартылған барлық күштер мен құралдардың практикалық өзара әрекеттестігінің дағдаларына және кәсіби дайындықтарына оң баға берді.

ҰҚК Террорға қатысты орталығы қауіпсіздік қатерлері төнген жағдайда мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдарының практикалық өзара әрекеттестік алгоритмдерін ұдайы негізде пысықтап отырады.

«Дабыл-2009» республикалық толық ауқымды жедел-тактикалық оқу-жаттығуын өткізу осы жұмыстағы кезекті аяқ алыс болды.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Артқа