Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

ЕҚЫҰ Террорға қарсы бөлімшесінің басшысымен келіссөздер жүргізілді

Ү.ж. 21 сәуірінде бұған дейін қол жеткізген келісімдерге сәйкес ҰҚК Террорға қарсы орталығының өкілдері ІІМ ЕҚЫҰ департаменті басшылығымен бірлесіп ЕҚЫҰ Террорға қарсы бөлімшесінің (ТҚБ) басшысы Рафаэль Перлдің бастаған осы ұйым делегациясымен келіссөздер жүргізді. Сондай-ақ ЕҚЫҰ ТҚБ делегациясының құрамына бағдарламалар жөніндегі қызметкер Ласло Сюч және ЕҚЫҰ Астанадағы орталығы басшысының орынбасары Жаннет Клетцер кірді.

 

Тараптар өкілдері ЕҚЫҰ аясында терроризмге және басқа да қауіп-қатерлерге қарсы әрекет ету саласында өзара әрекеттестікті одан ары жандандыру, сондай-ақ осы жұмыста Ұйымның әрекеттегі төрағасы ретіндегі Қазақстанның ролі туралы мәселелер жөнінде пікір алысты.

 

ЕҚЫҰ ТҚБ басшысына Қазақстан Республикасының терроризммен және діни экстремизммен күрес саласындағы негізгі құқықтық және ұйымдық шаралары туралы ақпараттар жеткізілді, ынтымақтастықтың басты бағыттары бойынша нақты ұсыныстар айтылды.

 

Келіссөздер барысында ү.ж. 20-21 қазанында Астанада терроризмнің алдын алу жөніндегі ЕҚЫҰ сараптамалық конференциясына дайындалу және өткізудің аспектілері талқыланды. Концепция жобалары және конференцияның жұмыс жоспары қаралып, мақұлданды. Осы іс-шараға дайындалу бойынша байланыс адамдары мен одан арғы жұмыс барысы айқындалды.

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Артқа