Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Баспасөз хабарламасы

18 маусымда Алматы қаласында «Медеу» тау-мұз спорт кешенінде «Қорғау-Антитеррор-2010» республикалық жедел-тактикалық террорға қарсы оқу-жаттығуының қорытынды фазасы өткізілді және оған барлық қуатты құрылымдардың және шұғыл әрекет ету қызметтерінің күштері мен құралдары тартылды.

 

Оқу-жаттығу 2011 жылғы 7-ші қысқы Азия ойындары өткізілетін спорт объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайындалу мақсатында ҰҚК Террорға қарсы орталығының бастамасымен өткізілді.

 

Аталған іс-шараның барысында Республикалық және Алматы қалалық жедел штабтарының штабтық шешімдерді қабылдау және ҰҚК, ПКҚ, ІІМ, ТЖМ, Қорғаныс министрлігі және басқа да мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар бөлімшелерінің өзара әрекеттестік механизмдері пысықталды.

 

«Қорғау-Антитеррор-2010» оқу-жаттығуының басшысы – ҰҚК Төрағасының орынбасары генерал-майор Жарасов Ж.А. оқу-жаттығу барысында көзделген оқу-жауынгерлік міндеттер толық көлемде орындалды дей отыра, оған тартылған барлық күштер мен құралдардың практикалық өзара әрекеттестік дағдылары мен кәсіби дайындықтарына оң баға берді.

 

Қысқы Азиада-2011 дайындық барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесіне айрықша назар аударылатындығын атап айту керек. Сонымен қатар қуатты құрылымдардың және Ойындардың қауіпсіздік қызметтерінің кез келген штаттан тыс жағдайларды оқшаулауға дайын болуы маңызды факторлардың бірі болып табылады.

 

Осыған байланысты ҰҚК ТҚО ағымдағы жылда спорт ғимараттарында, сондай-ақ Азия ойындарының басқа да объектілерінде бірқатар бірлескен террорға қарсы оқу-жаттығулар мен жаттығулар өткізуді жоспарлап отыр.

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Артқа