Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Қазақстан Республикасы ҰҚК Терроризмге қарсы орталығының құрылымы мен міндеттері туралы

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Терроризмге қарсы орталығы Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 29 желтоқсандағы № 435 өкіміне сәйкес құрылды.  Орталық туралы Ереже мен оның құрылымы ҰҚК, Ішкі істер министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Президенттің күзет қызметі және Төтенше жағдайлар министрлігінің бірлескен бұйрығымен 2004 жылғы қаңтарда бекітілді.

Ережеге сәйкес ҰҚК ТҚО республиканың мемлекеттік органдарының терроризмге және экстремизмнің өзге де белгілеріне қарсы іс-әрекет ету саласындағы қызметін үйлестіруге мақсатталған тұрақты қызмет ететін ведомствоаралық кеңес болып табылады.

Өз жұмысында Орталық ТМД Терроризмге қарсы орталығымен, ШЫҰ Өңірлік терроризмге қарсы құрылымымен, «Орталық Азия ынтымақтастығы» ұйымының және Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім-шарт ұйымының жұмыс топтарымен, сондай-ақ терроризмнің алдын алу және жолын кесумен айналысатын басқа да халықаралық құрылымдармен өзара әрекеттестікте.


ТҚО негізгі міндеттері:      

- терроризммен күресті тікелей іске асыратын мемлекеттік органдардың, сондай-ақ террористік және өзге де экстремистік белгілерге қарсы іс-әрекет ету саласындағы мүдделі министрліктер мен ведомстволардың қызметін үйлестіру;

 

- террористік және өзге де экстремистік қауіп-қатерлер және белгілер туралы ақпаратты жинау, реттеу, талдау және сараптау;

 

- терроризмге қарсы қызметтің концептуалды ережелері мен бағдарламаларын, террористік және өзге де экстремистік акциялардың алдын алу және жолын кесу жоспарларын әзірлеу;


-  арнаулы терроризмге қарсы бөлімшелердің жеке құрамын кәсіби даярлауды үйлестіру және әдісемелік қамтамасыз ету;    

- терроризммен күрес мәселелерімен айналысатын халықаралық орталықтармен және ұйымдармен жұмыс байланыстарын орнату және ұстану;


- командалық-штабтық және жедел-тактикалық оқу-жаттығуларды дайындау және өткузі кезінде үйлестіру;

 

- терроризммен және экстремизмнің өзге де белгілерімен күрес мәселелерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларын дайындауға қатысу;

 

- Қазақстан Республикасы СІМ бірлесіп республиканың мемлекеттік органдарының терроризммен күрес саласындағы  халықаралық міндеттемелерді орындауын үйлестіру.


Орталықтың құрылымын Қазақстан Республикасы ҰҚК Ведомствоаралық үйлестіру комиссиясы және аумақтық органдардың жанындағы үйлестіру топтары құрайды. 

Ведомствоаралық үйлестіру комиссиясы ТҚО мәжіліс органы болып табылады.  Оның құрамына тікелей терроризммен күресті жүзеге асыратын мемлекеттік органдар басшыларының орынбасарлары кіреді. Қажет болған жағдайда комиссия жұмысына республиканың басқа да министрліктері мен ведомстволары өкілдері тартылады. 

Комиссия тоқсанына бір реттен кем емес бас қосады және үйлестірудің және ведомствоаралық өзара әрекеттестіктің стратегиялық мәселелерін шешеді, терроризмге қарсы қызметтің концептуалдық қағидаттарын және бағдарламалары жобаларын әзірлейді, нормативтік құқықтық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу бастамасының қажеттігі, командалық-штабтық оқу-жаттығулар өткізу туралы шешімдер қабылдайды, бірлескен жоспарларды келіседі, Орталықтық облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы жұмысын реттейді және ТҚО Штабына тапсырмалар береді.        

Штаб Терроризмге қарсы орталықтың ағымдық ұйымдастыру жұмыстарын орындайтын жұмыс органы болып табылады. Штаб бөлімшелері ұлттық қауіпсіздік органдарының штаттық құрамы есебінен, сондай-ақ Ішкі істер министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Президенттің күзет қызметі және Төтенше жағдайлар министрлігінің іссапарға жіберілген қызметкерлерінен құрылады

 

ТҚО Штабы тұрақты түрде іс-қимыл жасайды және тек қана ұйымдастырушылық-штабтық функцияларды атқарады.

 

Оның міндетіне мыналар кіреді:

 

1) терроризмге қарсы операцияларды жоспарлау және өткізу бойынша жұмысты ұйымдастыру;


2) террористік пиғылдар мен белгілер туралы ақпаратты жинау, реттеу және бағалау, шет мемлекеттердің осындай құрылымдарының терроризммен күрес тәжірибесін зерделеу;

 

3) терроризмге қарсы қызмет мәселелері бойынша шет мемлекеттер арнаулы қызметтері және құқық қорғау органдарымен өзара әрекеттестікті ұйымдастыру;

 

4) террористік акциялардың алдын алу және жолын кесу жоспарлары жобаларын әзірлеу және Орталықтың Ведомстоваралық үйлестіру комиссиясына ұсыну, комиссия мәжілістерінің материалдарын дайындау, оның шешімдерінің іске асырылуын бақылау;


5) терроримзге қарсы қызметті жетілдіру бойынша концептуалдық қағидаттар әзірлеу;

 

6) терроризммен күрес бойынша бөлімшелердің жеке құрамын ведомствоаралық кәсіби дайындауды ұйымдастыру және үйлестіру;


7)  командалық-штабтық, жедел-тактикалық оқу-жаттығуларды және өзге де терроризмге қарсы әс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу; 

8) терроризммен күрес бойынша біріккен мәліметтер банкінің қызметін қамтамасыз ету;

 

9) терроризмге қарсы қызметтің формалары мен әдістерін жетілдіруге бағытталған ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру.


Мұндай жұмысты өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып Орталықтың облыстардағы, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларындағы үйлестіру топтары жүзеге асырады.  

Үйлестіру топтарының құрамына ТҚО Ведомствоаралық үйлестіру комиссиясына ұсынылған жергілікті атқарушылық органдар өкілдері (әкімдердің бірінші орынбасарлары деңгейінде), мемлекеттік органдардың облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы бөлімшелерінің бірінші басшылары кіреді.    

Топтар өңірлерде терроризммен күресті жүзеге асыратын субъектіледің өзара әрекеттестігін ұйымдастырады және мынадай негізгі міндеттерді шешеді:

 
1) өңірлердегі жағдайды, ықтимал террористік қауіп-қатерлерді және олардың белгілерін жинақтау, талдау және болжау;


2) ең ықтимал деген террористік ұмтылыс объектілеріне қатысты алдын алу терроризмге қарсы іс-шаралар және шаралар жоспарларын әзірлеу;

3) Орталықтың Ведомствоаралық үйлестіру комиссиясының нұсқауымен оқу-жаттығулар өткізу;

 

4) Орталықтың құрылымы мен қызметін оңтайландыру және жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Терроризмге қарсы орталық қызметін қаржыландыру республикалық бюджетте Ұлттық қауіпсіздік комитетіне,  Ішкі істер министрлігіне, Қорғаныс министрлігіне, Президенттің күзет қызметіне және Төтенше жағдайлар министрлігіне көзделген қаржы есебінен және соның шегінде жүргізіледі. 

Пошталық мекен-жайы: 010000, Астана қ., Түркістан көшесі, 8/1


Электрондық адресі: atc@knb.kz.   

Артқа