Мәзір
X
Мұрағат мәліметтерін (мұрағат анықтамаларын, көшірмелері мен үзінділерін) алу үшін өтініштерді қарау тәртібі

Азаматтар мен ұйымдардың өтініштері бойынша ақпарат мұрағаттық ақпарат, мұрағаттық көшірме және мұрағаттық үзінді нысанында беріледі.

Егер іздестірілудегі материалдар басқа министрліктерде сақтауда болған жағдайда, өтініштер өтініш берушіні ақпараттандырумен сақталған жеріне жіберіледі.

Арнайы мемлекеттік мұрағат көрсететін қызметтер тегін. Өтініштерді қарастыру мерзімі – 1айға дейін.  

Өтініштерге жауаптар пошта, электронды пошта бойынша жөнелтіледі, жеке қолына беріледі (өтніш берушінің қалауы бойынша).

Қазақстан Республикасы ҰҚК арнайы мемлекеттік мұрағаты  электронды поштасының адресі – press@knb.kz.

1. Өтініш Қазақстан Республикасы ҰҚК Төрағасының атына жазылады.

2. Өтініште сұрау берушінің тегі, аты және әкесінің аты, адресі, байланыс телефондары, датасы және жеке қолы көрсетілуі керек.

3. Заңсыз саяси қуғын-сүргінге ұшыраған тұлғаларға, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы жылдарында тұтқында болған тұлғаларға қатысты мәліметтерді іздестіруді ұйымдастыру үшін мынадай ақпаратты көрсету қажет:

- тегі, аты және әкесінің аты;

- туған жылы (белгісіз болса, шамамен туған жылы көрсетіледі);

- туған жері.

4. Өтініштің мәні еркін нысанда жазылады, тек іздестіруге көмегі тиетін мәліметтер ғана көрсетіледі (қашан және қайда қуғын-сүргінге ұшыраған, қайдан және қайда жер аударылған, қашан және қандай әскери комиссариатпен шақырылған және т.с.с).

5. Өтініш беруші өтінішінде үнеуінің нақты мақсатын көрсетеді (мәліметтерді іздестіру, мұрағаттық анықтама, ақтау туралы анықтама алу және басқалары).  

Қуғын-сүргінге ұшыраған немесе тұтқынға түскен тұлға туралы мәліметтерді іздестіруді ұйымдастыру үшін өмірбаяндық мәліметтердің қажетті минимумын толтыруды сұраймыз. 

Дата публикации: 27.02.2017