Мәзір
X
17.05.2017

2017 жылғы 16 мамырда Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҚР ІІМ-мен бірлесіп, Қызылорда облысының аумағында мұнай және мұнай өнімдерін заңсыз сатып алуға, тасымалдауға, сақтауға және сатуға қатысы бар бірнеше қылмыстық топ әрекетінің жолын кесу бойынша ауқымды арнайы операция бастады.Қызылорда, Тараз және Шымкент қалаларында ведомствоаралық жедел-тергеу топтарының мүшелері бір мезгілде 8 қатысты адамды ұстады, олардың тұрғылықты жерлері бойынша және оларға үлестес кәсіпорындарда, оның ішінде «КАИС-сервис» ЖШС-да (Қызылорда қаласы, асфальт өндіру зауыты және мұнай құю терминалы), «Қарамай Ойл» ЖШС (Тараз қаласы, мұнай құю терминалы) 21 тінту іс-шарасын жүргізді.Қылмыстық мұнай бизнесін қолдаушылар қатарынан ҚР БП ІҚБ өкілдерімен бірге Қызылорда көлік прокуроры Н. Серікбаев ұсталды.Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.

7e80f782-42d1-43bf-bfee-946656bcb65d.jpg 10f2e9fb-5154-40c6-9aac-1fec8db0aacd.jpg

20eddefd-251b-49ed-9606-4bbaf59d2fca.jpg 98761f72-7f99-411c-9ce3-e04affb8ec83.jpg

 

a5778b4b-8e45-4764-acf5-de816ce74622.jpg b5d9c098-f879-4d97-ac59-08d84bd866a0.jpg

b20fd64d-0a12-4caa-8ffd-2e18187c82a8.jpg

Қазақстан Республикасы ҰҚК