Мәзір
X
30.05.2017
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, 2017 жылғы 29 мамырдан
30 мамырға қараған түні Алматы қаласында кәсіпкерлерден ақшалай қаражатты қорқытып алумен, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы ҚХР-дан контрабанда арналарын ұйымдастырумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық қоғамдастық (бұдан әрі – ҰҚҚ) әрекетінің жолын кесу бойынша арнайы операция бастады.  
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қылмыстық қоғамдастықтың жетекшілері мен белсенді мүшелері ұсталды, олардан едәуір көлемде атыс қаруы мен оқ-дәрілер алынды.
Сонымен қатар, көрсетілген ҰҚҚ жетекшілерімен байланысы бар Алматы қаласы ІІД Әуезов АІІБ-ның бұрынғы бастығы полиция полковнигі Б.Қасабеков ұсталды.
Тергеу нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады.
ОПГ0021.doc.jpg
ОПГ0022.doc.jpg
ОПГ 0023.doc.jpg
ОПГ0025.doc.jpg
ОПГ0026.doc.jpg
ОПГ0027.doc.jpg
Қазақстан Республикасы ҰҚК баспасөз қызметі