Мәзір
X
19.09.2017

14-15 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Антитеррор орталығының бастамасымен Атырау және Маңғыстау облыстарының аумақтарында «Каспий-Антитеррор-2017» республикалық жедел-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді.

Мемлекеттік органдар теңіз инфрақұрылымының объектілеріне қатысты террористік сипаттағы қауіп-қатерлерге ден қою дағдыларын, сондай-ақ терроризм актілерінің салдарларын азайту және жою бойынша іс-шараларды пысықтады.

Республикалық терроризмге қарсы күрес жедел штабының басшылығы төтенше жағдайлар туындаған кезде арнайы мақсаттағы бөлімшелердің іс-қимылға әзірлігін бағалады.

 

Қазақстан Республикасының

Антитеррор орталығы