Мәзір
X
31.05.2017
30 мамырда Астана қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы К. Мәсімов Қазақстан Республикасы Антитеррор орталығының кезекті отырысын өткізді.
Консультативті-кеңес органы аясында деструктивті діни ағымдарды ұстанушылар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысының тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар қаралды.
Мемлекеттік органдардың терроризм актісінің салдарларын жоюға және барынша азайтуға әзірлік мәселелері талқыланды.
АТО отырысының қорытындылары бойынша тиісті хаттамалық шешімдер қабылданды.
 
 
 
ҚР ҰҚК баспасөз қызметі