Мәзір
X

Жаңалықтар

Сөз тіркесін іздеу
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
12.10.2017

Қазақ-қырғыз шекарасы жабылған сыңайлы деген ақпараттың таралуына байланысты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі Шекара қызметі жоспарлы операцияны жүргізген уақыттан аталған учаскіде шекарадан өтуші адамдардың саны азаймағаны жөнінде  хабарлайды.

Пресс-релиз
11.10.2017

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Баспасөз қызметі Мемлекеттік шекараның барлық периметрі бойынша оның ішінде қазақ-қырғыз учаскісінде жоспарлы шекаралық операция жүргізіліп жатқандығын хабарлайды. 
Аталған операцияның мақсаты шекара кеңістігінде заңға қайшы әрекеттердің, террористік, контрабандалық және өзге де қылмыстық іс-қимылдың жолын кесу, шекаралық режимнің және көші-қон заңнамасының сақталуын қадағалау болып табылады. 
Осыған орай шекарадан өтетін тұлғаларды, көлік құралдары, жүктер мен тауарларды тексеру күшейтілді. 

«Kazakhstan Security Systems 2017»  халықаралық көрмесі туралы
28.09.2017

2017 жылғы 27 қыркүйекте «Көрме» көрме кешенінде қауіпсіздік пен азаматтық қорғаныс бойынша «Kazakhstan Security Systems 2017» халықаралық көрмесінің ашылуы өтті.

Көрмеде 12 елден 80-нен астам өндіруші антитеррористік және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы қазіргі заманғы әзірлемелерді ұсынды.

О заседании Антитеррористического центра Республики Казахстан
22.09.2017

22 қыркүйекте Астанада ҰҚК Төрағасы Кәрім Мәсімов Қазақстан Республикасы Антитеррор орталығының кезекті отырысын өткізді, оған мемлекеттік органдардың бірінші басшылары қатысты.

Кеңес барысында Универсиада мен ЭКСПО-2017 өткізу қорытындылары қаралды. Мемлекеттік органдардың елімізде ірі ауқымды іс-шаралардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметін одан әрі жетілдіру шаралары пысықталды.

Учение «Каспий-Антитеррор-2017»
19.09.2017

14-15 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Антитеррор орталығының бастамасымен Атырау және Маңғыстау облыстарының аумақтарында «Каспий-Антитеррор-2017» республикалық жедел-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді.

Мемлекеттік органдар теңіз инфрақұрылымының объектілеріне қатысты террористік сипаттағы қауіп-қатерлерге ден қою дағдыларын, сондай-ақ терроризм актілерінің салдарларын азайту және жою бойынша іс-шараларды пысықтады.

В отношении Шакеева С.Н.
06.09.2017

Хабар-ошарсыз жоғалып кеткен Сәкен Нұрыахметұлы Шәкеевтің фактісі бойынша СТБТ тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу шеңберінде Астана қ. ІІД-мен бірлесіп, істің мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары кешені мен тергеу амалдары жүргізілуде.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеуді жүргізу туралы
29.07.2017

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеуді жүргізетіндігін хабарлайды.

27.07.2017

2017 жылғы 27 шілдеде ҰҚК Академиясында ҚР ҰҚК Төрағасы Кәрім Мәсімовтың, ұлттық қауіпсіздік органдарының ардагерлері, сондай-ақ ата-аналардың қатысуымен тыңдаушылардың бітіру салтанатты рәсімі болып өтті. 

Бітірушілерге «лейтенант» алғашқы офицер атағы берілді.

Бейбітшілік және Келісім сарайында Қазақстан Республикасының Президентінің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті
13.07.2017

2017 жылғы 13 шілдеде Бейбітшілік және Келісім сарайында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылғанына
25 жыл толуын мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара өтті.

Құрметті меймандар арасында республикамыздың әлеуетті және құқық қорғау құрылымдарының, министрліктері мен ведомстволарының басшыларымен қатар шетел арнайы қызметтері делегацияларының басшылары, ресми өкілдері мен ардагерлері болды.

Во время проведения плановых тактических занятий произошла нештатная ситуация
22.06.2017

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

22 маусымда ҰҚК «А» арнайы мақсаттағы қызметінің оқу-жаттығу ғимаратында жоспарлы тактикалық сабақтар өткізу барысында штаттан тыс оқиға орын алып, қызметтік міндеттерін атқару кезінде нұсқаушы майор «К.Е.» оқ жарақатын алды.

Ол дереу Астана қаласының №1 қалалық ауруханасына жеткізіліп, сол жерде есін жимастан қайтыс болды. Аталған факт бойынша ішкі істер органдарымен бірлесе тергеу жүрізілуде.