Мәзір
X
«Уәкілетті органдардың нормативтік құқықтық актілерді есепке алу мен жүйелеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 24 тамыздағы № 477 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Уәкілетті органдардың нормативтік құқықтық актілерді есепке алу мен жүйелеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 24 тамыздағы № 477 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 44, 270-құжат.) мынадай өзгеріс енгізілсін:

аталған қаулымен бекітілген Уәкілетті органдардың нормативтік құқықтық актілерді есепке алу мен жүйелеуді жүргізу қағидаларында:

5-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Жүйелеу нормативтік құқықтық актілердің мәтініне өзгерістер және (немесе) толықтырулар, күшін жою, қолданылуын тоқтату, тоқтата тұру туралы мәліметтерді енгізу жолымен оларды бақылау жағдайында ұстау арқылы электрондық түрде жүзеге асырылады.

«Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгілері бар нормативтік құқықтық актілердің жүйелеуі қағаз түрінде жүргізіледі.

Қызмет бабында пайдалану үшін.».

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                          Б. Сағынтаев

Дата публикации: 22.09.2017
салыстырмалы кесте56.5 KB ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА21.02 KB