Мәзір
X
Сұрақ-жауаптар

ҚҰРМЕТТІ САЙТ ҚОНАҒЫ!

1.  Сізге сұрақ қоймастан бұрын жауапты біздің сайттың «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде (сілтеме) іздеуді ұсынамыз. Онда осыған ұқсас сұраққа жауап болуы әбден мүмкін және Сіз қажетті ақпаратты жылдам алатын боласыз.

2.  Біздің сайттың осы бөлімі арқылы бізге сұрақ немесе өтініш жолдау үшін, Сізге төменде көрсетілген Келісімді қабылдау қажет.

КЕЛІСІМ

1. ҚР ҰҚК мекенжайына жолданған жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына (сілтеме) сәйкес жүзеге асырылады. 

2. Сұрақ жолдау үшін электрондық нысанның жолақтарын (жұлдызшамен белгіленгендер толтыру үшін міндетті болып табылады) толтыру керек.

3. Сұрақ мәнісін анық және толық жазу қажет.   

4. Хабарлама мәтінінде түсініксіз қысқартулар, әдепсіз сөздер және оқылмайтын таңбалар болмауы тиіс.  

5. ҚР ҰҚК осы сайттың «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде (сілтеме) қолданушылардың жекелеген хабарламаларын (ресми өтініштерден басқа) жариялау құқығын өзіне қалдырады. Бұл ретте, хабарлама әдеп нормаларына және дұрыс жазу ережелеріне сәйкес модерацияға ұшырауы мүмкін. 

6. Сұрақтарға және өтініштерге жауап нысанды толтыру кезінде көрсетілген электронды пошта мекенжайына жолданады. 

7.  Сіз ұсынған жеке деректер ішкі регламентке сәйкес сақталады, жариялауға және үшінші тарапқа беруге жатпайды.

8.  Жедел шешуді талап ететін (шұғыл сипаттағы сұрақтар), әсіресе, жұмыс уақытынан тыс келіп түскен өтініштерге ден қою мерзімдері бойынша талап-арыздар қабылданбайды. 

9.  Жоғарыда көрсетілген ережелері бар келісім ҚР ҰҚК интернет-ресурсының «Сұрақ-жауап» бөлімі арқылы сұрақ немесе өтініш жолдау үшін ажырамас шарт болып табылады.

10. Цифрлық қолтаңбаны пайдалану үшін қажет NCАLayer бағдарламалық қамтамасыз ету іhttp://pki.gov.kz/images/NCALayer/NCALayer_Windows.zip сілтемесі бойынша жүктеуге болады.

 

Я принимаю соглашение:

Дата публикации: 12.05.2017