Мәзір
X
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны

Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының бірлескен әнұранының орындалу тәртiбi

1. Ұлттық қауіпсіздік органдарының бірлескен әнұраны ұлттық қауіпсіздік органдарының Туын салтанатты жағдайда алып шығу, көтеру және орналастыру, сондай-ақ ҰҚК басшылығының қатысуымен өтетін ведомство  жиналыстары мен сапқа тұру аяқталған кезде орындалады, бұл ретте қатысушылар жүздерiн ұлттық қауіпсіздік органдарыныңТуына қарай бұрады.

Ұлттық қауіпсіздік органдарының бірлескен әнұранының орындалу барысында ҰҚК қызметшілері мен әскери қызметкерлері  туындыны орындарынан тұрып айтады (тыңдайды). Сапта салтанатты киінген басшылық пен командирлер бас киімінің күнқағарына қолын қойып ізет етеді.

2. Ұлттық қауіпсіздік органдарының бірлескен әнұраны оркестрлік, хор, оркестрлік-хор немесе өзге вокалдық және инструменталдық орындауда айтылады,  бұл ретте дыбыс жазу құралдары қолданылуы мүмкiн.

Ұлттық қауіпсіздік органдарының бірлескен әнұранын ықшамдалған түрде орындауға рұқсат етіледі.

3. Ұлттық қауіпсіздік органдарының бірлескен әнұраны бекiтiлген мәтiнi мен музыкалық редакциясына дәлме-дәл сәйкестiкпен мемлекеттiк тiлде орындалады.

4. Ұлттық қауіпсіздік органдарының бірлескен әнұранының мәтiнi мен музыкалық редакциясын басқа музыкалық шығармалар мен өнер туындыларына негiз ретiнде қолдануға болмайды.

 

Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев

Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов

Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай,
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!

Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!

Дата публикации: 22.02.2017