Мәзір
X
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасы бұйрығының жобасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті органдарының келісім шарт әскери қызметшілерін бекітілген негізгі азық-түлік нормалары бойынша тамақтандыру мүмкіндігі болмағанда жалпы әскери үлес құны мөлшерінде ақшалай өтемақы төлеу Ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы «Әскери қызмет және әскери қызметшілер мәртебесі туралы» Заңының 44 бабы 7 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті органдарының келісім шарт әскери қызметшілеріне бекітілген негізгі азық-түлік нормалары бойынша тамақтандыру мүмкіндігі болмағанда жалпы әскери үлес құны мөлшерінде ақшалай өтемақы төлеу Ережесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметіне заңнамада белгіленген тәртіпте қамтамасыз етілсін:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялауға жіберуді;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің қазақ және орыс тілдеріндегі бір данасын баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді.

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

       Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
                   Төрағасы                                                                             К. Мәсімов

Дата публикации: 03.07.2017
Ереже22.66 KB