Мәзір
X
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахтасында әскери қызметшілердің әкімшілік қамауды өтеу қағидаларын бекіту туралы

«Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы» 1999 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 46-7-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахтасында әскери қызметшілердің әкімшілік қамауды өтеу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Әскери полициясы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялауды;

2) мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін жолдауды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Әскери полициясы департаментінің қызметіне жетекшілік ететін бірінші орынбасарына жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

       Қазақстан Республикасы

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің

                  Төрағасы                                                                                    К. Мәсімов

Дата публикации: 14.06.2017
Қосымшалар258.5 KB