Мәзір
X
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
  1. «Қазақстан Республикасы телекоммуникация желілерінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізудің аппараттық-бағдарламалық және техникалық құралдарын енгізу мен пайдалану кезінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүзеге асыратын органдардың және ұйымдардың өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 желтоқсандағы № 1593 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 10, 192-құжат);
  2. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 23 шілдедегі № 735 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 47-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 42, 623-құжат).
  1. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі                                                              Б. Сағынтаев

Дата публикации: 17.07.2017
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына түсіндірме жазба20.45 KB «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына анықтама29.5 KB