Мәзір
X
Кеңсе

Телефон

 

+7 (7172) 761 045, +7 (7172) 761 058, +7 (7172) 761 081

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің азаматтарды қабылдау үшін қабылдау бөлмесі

 

Астана қ., Түркістан көшесі, 8/1 (сол жағалау)

 

Байланыс телефоны: +7 (7172) 761 135, 761 136


Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қабылдау бөлмесі келушілерді қабылдауды ұйымдастыру және азаматтардың өтініштерін қарастыру бойынша міндеттерді шешеді. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің органдары, бөлімшелері мен лауазымды тұлғалары азаматтардың өтініштерін қарастыруда және қабылдауды ұйымдастыруда «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» ҚР Заңдарын және басқа да заңнамалық және өзге нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.
Өтініштер жеке немесе ұжымдық болады және жазбаша түрде беріледі, пошта арқылы жіберіледі немесе азаматтардың өздері жеке береді. Қабылданған өтініштер міндетті түрде қалыптасқан тәртіпте қарастырылады, оларды қабыдаудан бас тартуға тыйым салынады.
Азаматтардың ұсыныстары, арыздары мен шағымдары мемлекеттік немесе тараптарға түсінікті тілде беріледі. Жазбаша өтініште азаматтың аты-жөні, тұрғылықты жері көрсетілуі керек, көтерілген мәселенің, ұсыныстың (пікірдің, қолдаухаттың), шағымның, өтініштің немесе талаптың мәні жазылуы керек, тұлғаның қолы мен жазылған күні қойылуы керек.
Азаматтарды қабылдауды Комитет басшылығы, аумақтық органдар бастықтары, ҚР ұлттық қауіпсіздік органдарының бөлімшелері басшылығының нұсқауларымен басқа да лауазымды тұлғалар мен қызметкерлер жүргізеді. Комитет басшылығының азаматтарды қабылдау кестесі қабылдау бөлмесінде ілінген, сондай-ақ ҰҚК ресми интернет-ресурсында (www.knb.kz) орналастырылған.
Азаматтарды қабылдау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Орталық аппаратында және аумақтық органдарда тәулік бойы жүргізіледі.

Дата публикации: 02.05.2017