Menu
X
Жиі қойылатын сұрақтар

Сұрақ

Сәлеметсіздер ме! Менің сіздерден сұрайын дегенім: ҚР 314-бабының 2-бөлiмiмен шартты мерзiмдегі соттылығы өшіріліп, есептен шығарылған адам ветеринария саласында мемлекеттік кызметке орналасуға заң тұрғысында кұқығы бар ма және сіздердің тараптарыңыздан арнайы тексеру барысында кедергілер болмайды ма?

Жауап

Мемлекеттік қызметті өткеру тәртібі "Мемлекеттік қызмет туралы" 1999 жылғы 13 шілдедегі № 453 ҚР Заңымен реттеледі. Заңның 10-бабында қызметте болумен байланысты шектеулер, сондай-ақ азаматтың мемлекеттік қызметке қабылданбауы негіздері көрсетілген.

Осы Заңның 13-бабында мемлекеттік қызметке тұрарда қойылатын талаптар келтірілген. Азаматтар әкімшілік лауазымға міндетті арнайы тексеруден өткеннен кейін ғана тағайындалады.

Үміткерлерді зерделеу материалдары Заңның 14-бабына сәйкес конкурстық комиссияда қаралады. Осы комиссияның шешімі әкімішілік мемлекеттік лауазымға тағайындауға немесе осындай лауазымға тағайындаудан бас тартуға негіз болады. 

Сұрақ

Мен ХКТУ осы жылғы түлегімін. Мамандығым - Дінтанушы. Қызыл диплом. Орыс тілі, қазақ тілі, түрік тілі, араб тілдерін білемін. ҰҚК-не дінтанушылар ауадай қажет деп есептеймін. Өйткені қазіргі кезде экстремистер, террористер күннен күн сайын саны артуда. Мен сіздерге қызметке орналассам бола ма? қай жерлерде бос орын бар екен.

Жауап

ҰҚК органдарына қызметке тұру мәселесімен тұрғылықты жеріңіздегі ҰҚК департаментінің кадрлар бөлімшесімен хабарласыңыз.

Сұрақ

Саламатсыздар ма! Мені соңғы бірнеше жыл бойы бір сұрақ мазалайды. Өзім ішкі істер органдарында 1999 жылдан бері қызмет етемін. Офицермін. Осы, полиция қызметкерлеріне ҰҚК-не қызметке ауысуға мүмкіншілік бар ма? Егер бар болса, оның жолы қандай екен? Рахмет.

Жауап

Сіз ішкі істер органдарында қызмет етіп жүріп, ҰҚК-не қызметке ауыса алмайсыз. ҰҚК органдарына қызметке орналасу мәселесі бойынша тұрғылықты жеріңіздегі ҰҚК департаментінің кадрлар бөлімшесінен сұрап білген дұрыс болады.

Published on 13.03.2017