Menu
X
12.10.2017

Қазақ-қырғыз шекарасы жабылған сыңайлы деген ақпараттың таралуына байланысты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі Шекара қызметі жоспарлы операцияны жүргізген уақыттан аталған учаскіде шекарадан өтуші адамдардың саны азаймағаны жөнінде  хабарлайды.

10-11 қазанда қырғыз бағытына 18680 адам шығып, Қазақстанға 14867 адам келген, демек осы кезең уақыты орта статистикалық мәліметке сәйкес келеді.

Жүргізілген іс-шаралар нәтижесі бойынша Мемлекеттік шекара өткізу пункттерінде шекара режимін 112 бұзушы (олардың 55 Қырғызстан азаматы) анықталған, ату жарақтарын алып өту әрекетінің жолы кесілді.

Өткізу пунктінен тыс шекара режимін бұзған Қырғыз Республикасының 65 азаматы, көші-қон заңнамасын бұзушы 14 адам ұсталды.          

Шекарадан өтуші көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды тексеру барысында экономикалық контрабанда белгісімен бірталай фактілер анықталып, тексерілуде.

Бұдан өзге, ішкі істер органдарымен бірлесе шетел азаматтарының көші-қон заңнамасын сақтауы тексерілуде. Барлығы 8 мыңнан астам шетелдік, соның ішінде 2,5 мың Қырғызстан азаматы тексерілді.

Нәтижесі бойынша қырғызстан азматтары санынан 386 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ҚР аумағынан 242 адам шығарылды, 69-на келу мерзімі қысқартылды, 21-әкімшілік қамауға алынды.

Осымен бірге қырғыз билігінің сайлау күні қылмыскерлерді тарта отырып жаппай тәртіпсіздік дайындалуда  деген мәлімдемесін есепке ала отырып, ҰҚК Шекара қызметі Қазақстан аумағына қылмыстық элементтердің өтуіне жол бермеу бойынша қосымша іс-шаралар қолдануда.

 

ҰҚК Баспасөз қызметі