Menu
X
11.10.2017

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Баспасөз қызметі Мемлекеттік шекараның барлық периметрі бойынша оның ішінде қазақ-қырғыз учаскісінде жоспарлы шекаралық операция жүргізіліп жатқандығын хабарлайды. 
Аталған операцияның мақсаты шекара кеңістігінде заңға қайшы әрекеттердің, террористік, контрабандалық және өзге де қылмыстық іс-қимылдың жолын кесу, шекаралық режимнің және көші-қон заңнамасының сақталуын қадағалау болып табылады. 
Осыған орай шекарадан өтетін тұлғаларды, көлік құралдары, жүктер мен тауарларды тексеру күшейтілді. 
Сонымен бірге шекараны өтуге қандай да бір шектеулер мен тыйымдар салынған жоқ. ҰҚК Шекара қызметі бөлімшелері және әскери қызметкерлерінің іс-әрекеті қазақстан және шетел азаматтарының құқықтары шектелмей, қатаң заңнама шеңберінде іске асырылуда.

ҰҚК Баспасөз қызметі