Menu
X
28.09.2017

2017 жылғы 27 қыркүйекте «Көрме» көрме кешенінде қауіпсіздік пен азаматтық қорғаныс бойынша «Kazakhstan Security Systems 2017» халықаралық көрмесінің ашылуы өтті.

Көрмеде 12 елден 80-нен астам өндіруші антитеррористік және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы қазіргі заманғы әзірлемелерді ұсынды.

Көрме шеңберінде Қазақстан Республикасы Антитеррор орталығының бастамасымен «Террористік тұрғыда осал объектілерде террористік қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл» республикалық конференциясы, «Қауіп-қатер және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің қазіргі заманғы жүйелері» және «ТТО объектілерінің антитеррористік қорғанысты қамтамасыз ету технологиялары мен құралдары» деген тақырыптарға екі «дөңгелек үстел» өткізілді.

Іс-шараларға мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, жетекші отандық және шетелдік өндірушілер қатысты.\\\

 

 

 

ҚР ҰҚК Баспасөз қызметі