Menu
X
22.09.2017

22 қыркүйекте Астанада ҰҚК Төрағасы Кәрім Мәсімов Қазақстан Республикасы Антитеррор орталығының кезекті отырысын өткізді, оған мемлекеттік органдардың бірінші басшылары қатысты.

Кеңес барысында Универсиада мен ЭКСПО-2017 өткізу қорытындылары қаралды. Мемлекеттік органдардың елімізде ірі ауқымды іс-шаралардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметін одан әрі жетілдіру шаралары пысықталды.

Терроризм актісін жасау қаупі кезінде халықты ахуал мен
іс-қимыл туралы ақпараттандыру бойынша жұмыстың тиімділігін арттыру жолдары талқыланды.

АТО отырысының қорытындылары бойынша тиісті хаттамалық шешімдер қабылданды.

 

 

 

 

 

 

    

ҚР ҰҚК Баспасөз қызметі