Menu
X
Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғаудың кейбір мәселелері туралы. Қазақстан Республикасы Президенті қаулысының жобасы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Атауы өзгертілсін:

1) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кеңсесiнiң «Ақпаратты техникалық қорғау орталығы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Ақпаратты техникалық қорғау орталығы» мемлекеттік мекемесі болып;

2) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кеңсесiнiң «Ақпараттық қауіпсіздік саласында мамандар даярлау және олардың біліктілігін арттыру орталығы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Ақпараттық қауіпсіздік саласында мамандар даярлау және олардың біліктілігін арттыру орталығы» мемлекеттік мекемесі болып;

3) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кеңсесiнiң «Алмас» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Алмас» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып.

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті осы қаулының 1-тармағында көрсетілген мемлекеттік мекемелеріне және республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқару жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша):

1) осы қаулының 1-тармағында көрсетілген мемлекеттік мекемелерінің және республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның жарғыларына өзгерістерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiне бекітуге енгізуді;

2) осы қаулының 1-тармағында көрсетілген мемлекеттік мекемелердің және республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркелуін;

3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

4. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен активтерді және олардың баланстарында бекітілген үй-жайлар алаңдарын Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне беру бойынша шаралар қолдануды қамтамасыз етсін.

5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі № 993 «Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң мәселелерi» Қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 29, 327-құжат) келесі өзгерістер енгізілсін:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі штат санының лимиті оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, 914 бірлік санында бекітілсін.»;

аталған қаулымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi туралы Ережеде:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi (бұдан әрi – Кеңсе) мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiрудi, бақылау функцияларын және заңнамада әрi осы Ережеде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.»;

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Кеңсенің миссиясы: Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мен Үкіметінің қызметін ақпараттық-талдау және ұйымдық-құқықтық қамтамасыз ету.»;

10-1-тармақтың 2) және 3)-тармақшалары алып тасталсын;

11-тармақта:

29), 30) 30-1) және 30-2)-тармақшалары алып тасталсын;

31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«31) «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк фельдъегерлiк қызметi» республикалық мемлекеттiк мекемесiне қатысты уәкілеттi органның;»;

12-тармақтың 20), 21) және 23)-тармақшалары алып тасталсын;

21-тармақтың 1, 3 және 4-тармақтары алып тасталсын;

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің адам санын ескере отырып штат санының лимитінде:

реттік нөмірі 2-жол

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:

944

мынадай редакцияда жазылсын:

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:

914

реттік нөмірлері 6 және 7-жолдары алып тасталсын.

6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                  Б. Сағынтаев

Published on 23.08.2017
Келісу ПАРАҒЫ41.5 KB ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА46 KB салыстырмалы кесте 78.5 KB