Menu
X
13.07.2017

2017 жылғы 13 шілдеде Бейбітшілік және Келісім сарайында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылғанына
25 жыл толуын мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара өтті.

Құрметті меймандар арасында республикамыздың әлеуетті және құқық қорғау құрылымдарының, министрліктері мен ведомстволарының басшыларымен қатар шетел арнайы қызметтері делегацияларының басшылары, ресми өкілдері мен ардагерлері болды.

Сөз сөйлеу барысында Мемлекет басшысы ұлттық қауіпсіздік органдары өз қызметінің алғашқы күндерінен бастап жаңа ішкі және сыртқы саяси жағдайды ескере отырып, ел басшылығына мемлекет құрудың басым бағыттарындағы аса маңызды мәселелерді шешуде қарқынды жәрдем көрсеткенін атап өтті.

ҰҚК қызметкерлері қызметтік міндеттерін атқару барысында өз өмірімен жиі тәуекел ететінін ерекше атады және Отан игілігі үшін өмірін құрбан еткендерді бір минут үнсіздікпен еске алуға шақырды.

Қазақстан Президенті терроризм қаупіне тек бірлесіп қана қарсы тұруға болатынына баса назар аударды және осы саладағы жемісті ынтымақтастық үшін Достастық елдерінің қауіпсіздік органдарының басшыларына алғысын білдірді.

Мемлекет басшысы сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдарының барлық жеке құрамы мен ардагерлерін кәсіби мерекемен құттықтады және ведомствоның жекелеген ерекше көзге түскен қызметкерлеріне жоғары мемлекеттік наградалар тапсырды. 

Салтанатты іс-шара деректі фильм және концерттік бағдарлама көрумен жалғасты.

 

Қазақстан Республикасы

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі