Menu
X
15.06.2017

Жекелеген баспасөз ақпарат құралдарында пайда болған ҰҚК Ақтөбе  облысы бойынша департаментінің бұрынғы қызметкерлері А. Тахауиев пен К. Дабыловты қамауға алу туралы материалдарға қатысты ҰҚК баспасөз қызметі мынаны түсіндіреді.

Көрсетілген адамдарды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жедел тобы 2017 жылғы 8 маусымда ҚР ҚК 194-бабы 2 және 4-бөлімдерінде көзделген қылмыс («Қорқытып алу») жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу шеңберінде ұстады.

10 маусымда Ақтөбе қ. № 2 соты оларды тұтқындауға санкция берді.

 

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі